Атырау, 5 желтоқсан 14:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Украинада аза тұту күні жарияланды

2 163 рет қаралды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада елде орын алған жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан қаза тапқан адамдарды еске алуға орай аза тұту күні жарияланды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Украина президенті Виктор Янукович өз жарлығымен «ел аумағындағы үйлер мен мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарының үстіндегі мемлекеттік туды төмен түсіруге», сондай-ақ ойын-сауықтарды, концерттерді, спорттық шараларды кейінге қалдыруға, теле- және радиобағдарламалар ретіне сәйкес өзгерістер енгізуге қаулы етті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ осы қақтығыстар кезінде туған-туыстарынан айырылған жандарға көңіл айтып, қайғыларына ортақтығын білдірді. «Мен сөзіммен қайғыларыңыздың орнын толтыра алмайтынымды білемін, көңіл-күйлеріңізді түсінемін. Алайда, мен осы қиын сәттерде сіздердің менің қолдауымды және болған жайға өкініш білдіретінімді сезінгендеріңізді қалаймын», - деді ол.  

Дереккөз: inform.kz 

20 ақпан 2014, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.