Атырау, 24 қараша 05:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сирияда Facebook-ті пайдаланғаны үшін қызды өлім жазасына кесті

1 986 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирияның Ракка қаласында жергілікті тұрғын қыз танымал әлеуметтік желіні пайдаланғаны үшін өлім жазасына кесілді. Жергілікті шариғат соты Facebook-ті пайдалану әдепсіз қылық деп санады. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Қызды өлім жазасына кесті, шариғат нормаларына сәйкес күйеуінің көзіне шөп салған әйелдер осындай жазаға тартылуы тиіс - оны таспен ұрып өлтірді.

Ракка қаласын және оның маңындағы облыстарды неғұрлым радикалды сириялық топтардың бірі - «Ирак және Леванта Ислам мемлекеті» бақылайды. Содырлар Сирия аумағында ислам әмірлігін құрып, шариғат заңдарын қатаң сақтамақ.

Еске сала кетейік, қаңтар айында «Әл-Каидамен» сыбайлас «Ирак және Леванта Ислам мемлекеті» тобының содырлары Сириядағы басқа бір экстремистік ұйымдардың 100-ге тарта өкілін атып тастады. Жыл басында исламшылдар Сирияның солтүстігіндегі Ракка провинциясының бірқатар елді мекендерін басып алды және «Ан Нуср майданы» және «Аһрар аш-Шам» радикалдық топтарының ондаған өкілдерін тұтқындады. Содырлар олардың бәрінің де көзін жойды.

Дереккөз: inform.kz

17 ақпан 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.