Атырау, 24 қараша 06:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Янукович пен оппозиция бітімге келді

1 080 просмотра
Арсений ЯЦЕНЮК.Арсений ЯЦЕНЮК.Астана. 20 ақпан. Baq.kz – Украина президенті Виктор Янукович пен оппозицияның үш өкілі кеше кешкісін келіссөздер жүргізген болатын. Осы басқосудан кейін "Батькивщина"оппозициялық фракциясының жетекшісі Арсений Яценюк екі тараптың бітімге келгенін хабарлады. Енді елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін келіссөздер жүргіземіз деді ол. 

Януковичтің баспасөз қызметі де аталған ақпаратты растады.
"Кездесу барысында тараптар мынаған қол жеткізді:
1. Бітімге келу;
2. Қантөгісті тоқтату үшін келіссөздер процесін бастау, елдегі жағдайды тұрақтандыру" делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.
Айта кетейік, Янукович кеше Арсений Яценюкпен, Виталий Кличкомен және Олег Тягнибокпен кездескен болатын.
"Жақсы жаңалық бар, көтерілісті күшпен басу болмайтын болды. Қазір бітім жарияланды, енді жағдайды тұрақтандырамыз" деді Яценюк тілшілерге берген сұхбатында.

Дереккөз: baq.kz

20 ақпан 2014, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.