Агенттіктің мәліметіне қарағанда, жарылыстан 14 адам жарақат алған. Associated Press автобуста тек ғана Оңтүстік Корея азаматтары болғанын хабарлады.
Автобус Израильмен шекаралас жатқан Синай жартылай аралында жарылған. Кейбір дерек көздері жол шетіне қойылған жарылғыш зат іске қосылғанын хабарласа, енді бірі автобусқа гранатаметтан оқ атылғанын айтты.
Автобус Израильден келе жатқан, ТЖ орын алғаннан кейін Израиль зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге ұсыныс білдірді.