Атырау, 24 қараша 06:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина Жоғарғы Радасының маңында екі жүк көлігі өртенді

2 250 просмотра
Фото: Piero Quaranta / AFPФото: Piero Quaranta / AFPЖоғарғы Радаға апаратын Шелковичной көшесінде наразылық білдірушілер екі жүк көлігін өртеді. КамАз көліктерімен құқық қорғау органдары жүретін жолды қоршап қойған еді. Бұл туралы BNews.kz агенттігінің Украинадағы меншікті тілшісі хабарлайды.

Автокөліктердің кабиналары мен алдыңғы доңғалақтары отқа оранды. Көшені қою қара түтін басты.

Оқиға орнына өрт сөндіру машиналары келді.

Қарсылық акцияларына катысушылар тәртіп сақшыларына қарсы қолдан жасалған жарылғыш заттар мен тас лақтыруды жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдары тарапынан да жауап қайтарылуда. Ондаған адам зардап шекті.

Дереккөз: bnews.kz

 

18 ақпан 2014, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.