Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Сочи Олимпиадасын сынға алды
2 409 просмотра
Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков «миллиардтарды шығындау Ресейдің жетістігі емес» деп мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Ойындардың ашылу салтанаты екі жыл бұрынғы Лондон Олимпиадасынан көшірілгенін атап өтті. Бұл туралы utro.ru хабарлады.
Лужковтың пікірінше, билік Сочи тұрғындарынан кешірім сұрауы тиіс. Өйткені, қала бірнеше жыл бойы өмір сүруге және демалуға қолайсыз болған. Сондай-ақ, Олимпиадаға әйелі Елена Батуринамен бірге келген Лужков олимпиадалық нысандар таң қалдырғанын жасырмады.