Атырау, 24 қараша 06:04
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сирияның Хомс қаласынан 600 адам қауіпсіз жерге көшірілді

1 478 просмотра

БҰҰ өкілдері Сирияның қоршауға алынған Хомс қаласынан 600-ден астам әйелдер, қарттар мен балаларды қауіпсіз жерге көшірді. Бұл туралы Русская служба ВВС хабарлады.

Қалаға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізген БҰҰ автоколоннасын минометтер атты. Оның салдарынан бірнеше адам қаза тауып, көбі ауыр жарақат алды. БҰҰ және сириялық Қызыл жарты ай ұйымы гуманитарлық көмекті бір жылдан астам уақыт бойы үкіметтік қоршауда қалған қала орталығына жеткізді. Сенбі күні жүк көліктері атыстардың салдарынан бұл ауданнан бірнеше сағат бойы шыға алмай қалды. Женевадағы келіссөздер барысында үш күн мерзімге татулық туралы келісімге қол жеткізілді. Осының арқасында гуманитарлық көмегі бар автоколонна жексенбі күні Хомстың ескі кварталына кіріп, одан әйелдер, қарттар мен балаларды қауіпсіз жерге көшірді.

Дереккөз: bnews.kz

10 ақпан 2014, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.