Атырау, 17 қаңтар 03:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -9
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Жалған ақпарат таратқан журналистер сотқа тартылмақ

2 293 рет қаралды

Мысырдың билік өкілдері жалған ақпарат таратты деп айыпталған «Әл-Жазира» арнасының журналистерінің ісін 20 ақпаннан сотта қарауды шешті.

Айыпталушылардың орнында «Әл-Жазира» арнасының 20 журналисі болуы тиіс. Олар террористік ұйымдардың мүшелеріне қолдау көрсетті деп кінәлануда. Телеарна мұны мойындамай, айыпталған 20 кісінің 9 ғана оның қызметкері екенін мәлімдеп отыр.   

Мысыр тұрғындарының көпшілігі «Әл-Жазираны» «Мұсылман бауырлар» қозғалысының пікірін елге тарататын арна деп қабылдаған, деп жазады BBС.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 ақпан 2014, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.