Атырау, 24 қараша 05:30
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Царнаевтың ісі бойынша сот қарашада болады

2 216 просмотра
АҚШ Федералдық судьясы О'Тул Бостон қаласындағы жүгіру марафоны кезінде лаңкестік жасауға күдікті Джохар Царнаевқа сот үдерісі бас алуын 2014 жылғы 3 қарашаға тағайындады, деп хабарлады РБК.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, бұл күн қорғаушы адвокаттардың қарсылығына қарамастан белгіленді, адвокаттар үдеріс басталғанға дейін сот оларға жеткілікті уақыт бермей отырғанын тілге тиек етеді. Алайда судья Дж.О'Тул 3 қараша әзірлік үшін «нақты және әділетті» мерзім деп атап өтті. Қорғаушы адвокаттар сот 2015 жылғы қарашадан бұрын басталмауы тиіс деп санайды. Олардың айтуынша, прокуратура қорғаушылардың заттай айғақтар беру туралы сауалдарына кешіктіріп жауап қайтаруда.

Тергеу нұсқасы бойынша Дж. Царнаев пен оның ағасы Тамерлан Царнаев Бостон марафонында қолдан жасалған жарылғыш құрылғы қойып, көптеген адамдардың құрбан болуына соқтырған. Үш күннен кейін университетте ағайындылар атыс барысында полицейді өлтірді.

2013 жылғы 15 сәуірдегі Бостон марафоны кезінде бірнеше жарылыс салдарынан үш адам қаза болып, 260-қа жуығы зардап шекті. 26 жастағы Т.Царнаев 2013 жылғы 19 сәуірде Массачусет институтының кампусында өлтірілді, сонда атыс барысында полицей көз жұмды. Ресми емес мәліметтер бойынша Т.Царнаев Вирджиния штатындағы мұсылмандар қорымына жерленген.

Сөйтіп,  ағайынды Царнаевтардың кішісі - 20 жастағы Дж.Царнаев сотқа тартылды. Ол өзінің кінәсін мойындаған жоқ. Оны ұстау барысында ауыр жараланып, қазір Бостон маңындағы түрменің медициналық орталығында жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 ақпан 2014, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.