Атырау, 24 қараша 05:49
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЕО Украинамен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға әзір екендігін қуаттады

1 151 просмотра
Еуроодақ Украинаға дағдарысты шешудің халықаралық тетіктеріне жүгінуді ұсынды. Бұл туралы Брюссельде өткен ЕО-ның сыртқы істер бойынша кеңесінің отырысында мақұлданған қорытындыларда  әңгіме болды.

ЕО СІМ басшысы Украинадағы жағдайға алаңдаушылығын білдірді және барлық тараптарды зомбылықтан бас тартуға, ал билікті - украиндықтардың іргелі құқықтарын қамтамасыз етуге шақырды. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Украинадағы саяси дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап көрсетті.

«Қазіргі саяси дағдарысты ұзақ мерзімге шешу үшін одан әрі күш-жігер жұмсау қажет. ЕО барлық тараптарды украин халқының мұраттарына сәйкес келетін демократиялық шешімдердің жан-жақты диалогы арқылы іздестіруге шақырады», - деп атап өтілген ЕО Кеңесінің қорытындыларында.

ЕО сыртқы істер министрлері барлық тараптардың өкілдері енетін жаңа үкіметті қалыптастыру, конституциялық реформа өткізу, билік тармақтарының теп-теңдігін қалпына келтіреді, сондай-ақ адал және ерікті президенттік сайлауға әзірлік Украинаны орнықты реформаларға оралтар  еді, деп атап өтті.

Сонымен қатар министрлер ЕО Украинадағы реформаларды қолдауға, соның ішінде халықаралық қоғамдастықпен және халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп, қажетті көмек беруге жөніндегі күш-жігерді жалғастыруға әзір болып қала бермек, деп атап көрсетті. .

Құжатта сондай-ақ егер Киев бұған әзір болса, ЕО-ның Украинамен қауымдастық құру туралы келісімге қол қоюға әзір  екені атап көрсетілген. ЕО СІМ Кеңесі бұл келісім еуропа-украин қатынастарындағы түпкі мақсат еместігіне сенім білдірді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 ақпан 2014, 09:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.