Атырау, 24 қараша 06:34
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Киевте қаза тапқандар саны 25-ке жетті

2 731 просмотра
Фото: Александр Ратушиняк / AFPФото: Александр Ратушиняк / AFPКиевтегі қақтығыстардан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті. Бұл туралы бүгін Украинаның денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Сегіз адам, оның ішінде украиналық "Вести" газетінің журналисі Вячеслав Веремий - ауруханада, төрт адам - ішкі істер министрлігінің госпиталінде көз жұмған. Тағы 13 адамның денесі Киевтің қалалық сот-медициналық сараптама орталығына жеткізілген.

Министрліктің хабарлауынша, бүгін таңертең қақтығыстарда зардап шеккен 350-ден астам адамның медициналық көмек сұрап келген, 240 адам ауруханаға жатқызылған.

Ішкі істер министрлігі тоғыз милиция қызметкерінің қаза тапқанын хабарлады.

Еуромайдан белсенділері "жұрттың көпшілігі қуғындалудан қорқып, ауруханаға бармай жатқандықтан зардап шеккендер саны бұдан әлдеқайда көп" дейді. Оларға оқиға орнында және Михайловск соборында көмек көрсетіліп жатыр.

Киевтегі қантөгіске ұласқан демонстранттар мен милиция жасақтарының қақтығысы 18 ақпанның таңынан бері жалғасып келеді. Қақтығыстар оппозиция жақтастары конституциялық реформаларды талап етіп, Жоғарғы Рада ғимаратына шерулетіп бармақ болғаннан кейін басталған.
 
Дереккөз: azattyq.org
19 ақпан 2014, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.