Атырау, 21 наурыз 07:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Францияның бұрынғы президенті Жак Ширак ауруханаға түсті

2 133 рет қаралды
Жак ШИРАК.Жак ШИРАК.АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның экс-президенті Жак Ширак дүйсенбі күні ауруханаға жатқызылды.

Үкіметтегі дереккөздің ақпаратына қарағанда, өткен жылы қарашада 81 жасқа толған бұрынғы мемлекет басшысы Париж маңында орналасқан американдық Нейисюр-Сен госпиталіне түскен.     

Өз кезегінде Ширакқа жақын жандардың бірі, «оның өміріне ешқандай қауіп жоқ», деп мәлімдеді. Алдын ала ақпаратқа қарағанда, буынның ұстамалы дерті асқынған. 
        
Еске сала кетсек, Ширак елді 1995-тен 2007 жылға дейін басқарды, деп хабарлайды РИА "Новости".

Дереккөз: inform.kz

18 ақпан 2014, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.