Энрико Летта Фото: Remo Casilli / ReutersИталия премьер-министрі Энрико Летта қызметінен кету ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы ол 13 ақпанда өзі мүшесы болып табылатын солшыл Демократиялық партиясы жетекшісі Маттео Ренцидің жаңа үкімет жасақтау туралы бастамасын қолдағаннан кейін жария етті.
Леттаның айтуынша, ол бүгін Италия президенті Джорджо Наполитаноға отставкаға кететіні туралы өтініш бермек.
Ренци Демократиялық партияны өткен жылдың желтоқсанынан бері басқарып келеді. BBC-дің хабарлауынша, оның қазіргі премьермен қарым-қатынасы соңғы уақыттары шиеленісе түскен. Ренци Леттаны "экономикалық мәселелерге дұрыс назар аудармады, оның бір көрінісі - елдегі жұмыссыздық соңғы 40 жылда ең жоғарғы деңгейге жетті" деп айыптайды.
Энрико Летта Италия премьері қызметін 2013 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді.

Дереккөз: azattyq.org
14 ақпан 2014, 12:09