Атырау, 24 қараша 06:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Хизбалла» көшбасшысы араб әлемін Сириядағы соғысты тоқтатуға шақырды

1 378 просмотра
«Хизбалла» радикалдық шииттер тобының көшбасшысы шейх Хасан Насралла араб әлемін Сириядағы соғысты аяқтауға шақырды, деп хабарлайды Лента.Ру Reuters-ке сілтеме жасап.

Насралланың айтуынша, егер араб күштері соғысты тоқтатса, «Хизбалла» да шиеленіске қатысудан бас тартады.

«Егер сіздер бұл өңірді бей-берекет тәртіпсіздіктен құтқарғыларыңыз келсе, Сириядағы соғысты тоқтатыңдар», - деп мәлімдеді Насралла араб әлемінің барлық саяси күштеріне қарата айтқан сөзінде.

Алайда Насралла радикалды исламшылар деп санайтын сириялық көтерілісшілердің жеңіске жетуіне жол бермейтінін айтты. «Хизбалла» басшысының пікірінше, егер көтерілісшілер жеңіске жететін болса, тек оған ғана емес, оны қолдайтын топтарға да қауіп төнеді.

Ливандық «Хизбалла» шииттер ұйымы Сиряи президенті Башар Асадтың режимін белсенді қолдайды. Сирия президентінің режиміне қарсы көтерілген сириялық көтерілісшілер негізінен сүнниттер болып табылады. Оларды ливандық сүнниттер мен Түркия қолдайды.

Сирия еліндегі азаматтық соғыс 2011 жылдың көктемінен бері жалғасып келеді. Қақтығыс басталғалы бері елде 136 мыңнан астам адам көз жұмды, миллиондаған тұрғын өз үйлерін тастап, қашуға мәжбүр болды. Халықаралық қауымдастық қақтығысты бейбіт реттеудің амалын табуға тырысуда, алайда әзірге ол мүмкін болмай тұр.

Дереккөз: bnews.kz

17 ақпан 2014, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.