Атырау, 24 желтоқсан 20:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -6
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қоғам

Біздегі «Слово пацана» Қоғам

Біздегі «Слово пацана»

80-жылдары өміріме жол көрсетіп, бағыт-бағдар берген ер адамдар қазір өз орталарында парасатты өмір салтын ұстанған өте танымал адамдар. Алайда, олар өздерінің аты-жөнін көрсетуден бас тартты. Өйткені жас кезінде болса да, бұл мансабына, бизнесіне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін немесе қазіргі бейбіт өміріне әсерін тигізуі ықтимал деп санайды. Сондықтан мақалада оларды К. және Б. деп атайық. 25 желтоқсан 2023, 13:45 1 683 рет қаралды
«Мерейдегі» бомждың тәубесі Қоғам

«Мерейдегі» бомждың тәубесі

Шашы бурыл тартқан, киімі жыртық-тесік, әжімдері терең, үнемі темекісінің түтіні будақтап, дал-дұлы шыққан кітабы қолында жүретін оны «Мерей» базарынан қосалқы бөлшектер алуға келетін Авангард тұрғындары мен жүргізушілері біледі. Ешкімге зияны жоқ, ақсүйектер сияқты сыпайы әрі ұстамды жан. Жергілікті тұрғындар оған керексіз кітаптарын беріп тұрады. Мейлі ол КПСС XXVI съезінің материалдары болсын, мейлі «Граф Монте-Кристо» болсын, ол сыйлық алғанда ұйпалақтанған сақалының астындағы жалғыз тісін көрсетіп, үнемі ризашылықпен күлімсірейді. Ол әсіресе тарихи романдарды жақсы көреді. Қасынан өтіп бара жатып, осы жолы не оқып жатқанын сұрадым. Бұл жолы Марининді екен. 3 шілде 2023, 18:54 2 559 рет қаралды
Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті» Қоғам

Паранжа киген қыздар, қысқа балақты шалбар киген сақалдылар: «Бұл халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріне қауіпті»

Соңғы кездері бет-жүзін тұмшалап, қара жамылған қыз-келіншектерді Атыраудың көшелерінен жиі кездестіреміз. Бұл көпшілікке ұнайды деп айта алмаймын. Неліктен қазір қазақтың халықтық дәстүріне қайшы келетін осы бағытқа бет бұрған әйелдер (негізінен өте жас қыздар) мен қысқа балақты шалбар киген сақалдылар көп екенін «АЖ» тілшісі анықтауға тырысты. Сурет 28 қазан 2022, 12:35 5 279 рет қаралды
Қазақ қызының Дублиндегі өмірі Қоғам

Қазақ қызының Дублиндегі өмірі

Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы: біреулер үшін бұл әлі күнге дейін ұят деп саналса, енді біреулер үшін басқа елдің тумасымен некелесу - мақсат. Көпшілігі үшін - мемлекеттер мен адамдар арасындағы шекараның жойылуы қазіргі замандағы қалыпты жағдай. Ал шын мәнінде ділі басқа, мәдениеті, діні басқа адаммен өмір сүру қалай? Күйеуінің туыстарымен тіл табысып, бөтен елді үйім деп атау қандай болады екен? Сурет 12 қазан 2022, 17:15 2 008 рет қаралды
Жеңіс күні қалай атап өтіледі Қоғам

Жеңіс күні қалай атап өтіледі

Атырау қаласында биыл Жеңіс күні 9 мамырда Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою шарасымен атап өтіледі деп жоспарлануда (Былтыр осы күні саябақ жабық болды). Алайда алдағы үш күнде өңіріміз сары аймақтан қызыл аймаққа өтіп кетпесе ғана. 5 мамыр 2021, 17:30 5 751 рет қаралды
Атыраудағы өлім-жітім: «Күніне 15-20 қабір қазамыз» Қоғам

Атыраудағы өлім-жітім: «Күніне 15-20 қабір қазамыз»

Біз әлі күнге дейін Атырау облысында коронавирустан және пневманиядан көз жұмғандардың нақты санын білмейміз. ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің ресми сайтында біздің облыста коронавирустан тек қана 13 адам ғана көз жұмғанын айтады. Дегенмен қала кішкентай ғой, адамдар бір-бірімен хабарласып тұрады, жағдайдың да мүлдем басқаша екенін көз көріп жүр. Үрей тудырғым келмейді, бірақ халық ақиқатын білуі тиіс. Осы орайда «АЖ» тілшісі мұнайлы астаның үлкен қорымдарын аралап, қабір қазушылармен тілдесіп қайтқан еді. Сурет 18 шілде 2020, 13:40 8 613 рет қаралды
Раушан гүлдер шаһары Қоғам

Раушан гүлдер шаһары

«Құрметті жолаушылар, ұшағымыз төмендей бастады. Перделер мен иллюминаторларды ашыңыздар, қайырмалы үстелдерді бекітіп, отырғыштарды тіктеңіздер». Тағы бірнеше минуттан кейін ақ ұлпа бұлттардың арасынан тозаңды тұман жамылған аласа таулармен астасып, құм реңдес үйлер көріне бастады. Армысың, Душанбе! Сурет 3 қазан 2019, 00:00 6 451 рет қаралды
Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па? Қоғам

Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па?

Атырау қаласында тұру тұрғындарға қаншалықты қолайлы деген ерекше зерттеу жүргізілді. «Мұнайлы астана: даңқ па, даңғойлық па?» деген атауы да мен мұндалап тұр. 18 бен 65 жас аралығында 300-дей адамнан жасырын түрде сауал алынды. 3 сәуір 2019, 12:14 7 096 рет қаралды
​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​ Қоғам

​Тазалықтың қадірін тазалаушыдай кім білер​

Қала тазарту қызметін жақынырақ білу үшін бір күн «Арнайы автобаза» қызметкері болуды ұйғардым. Бірақ сынақ аяқталғанда арқамның қатты ауыратынын білгенде мұны жасамас едім. Сурет Бейнежазба 14 ақпан 2019, 00:00 4 427 рет қаралды
Атырау суретшілері: Темірбек Мұхтаров Қоғам

Атырау суретшілері: Темірбек Мұхтаров

Мектептерде бейнелеу өнері пәніне неге дұрыс көңіл  бөлінбей келеді? Театрға көрермен жинау неге қиын? Олар біздің театрдан не күтеді? Халықаралық театр күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек МҰХТАРОВ осы және өзге де сауалдарға жауап берді. Сурет Бейнежазба 6 сәуір 2018, 10:51 7 822 рет қаралды
Такси шақырттыңыз ба? Қоғам

Такси шақырттыңыз ба?

№5 Гурьев таксомотор паркі жабылғалы бері көп уақыт өтті. Аумағы үлкен, қызметкерлер саны көп мекеменің бұрынғы химзауытқа барар жолда орналасқаны байырғы тұрғындардың есінде. Таксопаркке сонау 1963 жылы жұмысқа орналасқан (кейіннен оның директоры болған) Бағыт МЕҢДЕШОВТІҢ айтуынша, бұл жұмыс жергілікті бозбалалардың көпшілігі үшін арман болған. Сурет 3 сәуір 2018, 11:54 5 200 рет қаралды
«Сұлулықты жырлаған суреткер» Қоғам

«Сұлулықты жырлаған суреткер»

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші Ілия Жақановтың  жеке шығармашылық көрмесі өтті.  Сурет 13 желтоқсан 2017, 10:28 3 818 рет қаралды
Құмарлық тыйымнан да күштірек Қоғам

Құмарлық тыйымнан да күштірек

Атырауға желтоқсанда қабылданған көктемгі аңшылыққа тыйым салу туралы бұйрықты түсіндіру үшін Астанадан келген қонақтарды наразылықтар күтіп тұрды. Аң аулауға құмар атыраулықтар Атырау орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының кабинетінде министрліктің бұйрығын сынға ала отырып, қымсынбай ашық сөйледі. Сурет 26 сәуір 2017, 16:14 3 823 рет қаралды
Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ Қоғам

Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беру жиынында Қарабатан стансасының тұрғыны өздерін қалаға көшіру туралы мәселені көтерген болатын. Ол әлі күнге дейін тұрғындар көмір жағып отырғанын айтып еді. Облыс әкімі «бұл мәселе қарастырылып жатыр» деп жауап берген болатын. Ал біз Қарабатан стансасына барып қайттық.  Сурет 15 наурыз 2017, 10:28 5 478 рет қаралды
«Бала басын көтерсе - бұл үлкен жеңіс» Қоғам

«Бала басын көтерсе - бұл үлкен жеңіс»

«Болашақ» ҮЕҰ жетекшісі Жібек БИСЕНОВА Атыраудан балаларды оңалту орталығын ашу туралы идеясын жүзеге асыруға бірнеше жыл уақытын жұмсады. Осы уақыт ішінде бірнеше тренингтерден өтті. Осылайша, балалардың церебралды сал (БЦС) ауруына, орталық-жүйке жүйесі бұзылған және бірқатар басқа да ауыр сырқаттарға шалдыққан балаларды оңалтуға бағытталған «Дені сау балалар» жобасы туындады. Ал биылғы жылдан бастап «Болашақ» қызметкерлері инсульт алған ересектерді оңалтуға кірісті. «Болашақ» орталығының қарапайым дәрігерлік кабинеттері эрготерапия, рефлексотерапия секілді түрлі бағыттағы жайлы бұрышқа айналды. 2 наурыз 2017, 00:00 5 377 рет қаралды
Гоаның ғажайыптары Қоғам

Гоаның ғажайыптары

Қаңтар айы. Таңертеңгі сағат сегізде қоңыраулы оятқыш сағатсыз өзің оянасың. Қалың пердеден күн сәулесі төгіліп тұр. Ал терезе сыртында плюс 30 градусты көрсетеді. Алда уайымсыздемалыс, ыстық құм, теңіз және толқын шуылы... Ертегі дейсіз бе? Жоқ, бұл Гоа! 9 ақпан 2017, 00:00 6 276 рет қаралды
Таза ауадағы әскери ойындар Қоғам

Таза ауадағы әскери ойындар

16-20 мамырда облыстық білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен облыс мектептеріндегі оныншы сыныптардың және колледждердегі екінші курстың жеті мыңнан астам оқушылары алғашқы әскери дайындық бойынша бес күндік оқу-дала жиынына қатысты. 26 мамыр 2016, 00:00 5 607 рет қаралды
​Қомағайлық - жеті күнәнің бірі Қоғам

​Қомағайлық - жеті күнәнің бірі

Жақында редакциямызға ерекше бір оқырман келді. Жылпық сары адамның езуі жиылмай, әзіл айтып, өзіне-өзі риза болған адамдай нұрланып тұрды. Кейін белгілі болғандай, мұның өз себебі бар екен: ол бір жыл ішінде өз бетімен 42 келі салмақ тастапты! 3 наурыз 2016, 00:00 10 148 рет қаралды
​Мұраттың сарқылмас қуаты Қоғам

​Мұраттың сарқылмас қуаты

Кеңсеміздің маңында орналасқан бұл үйге бірер жыл бұрын бас сұққан едім. Еш шақыртусыз. Себебі, үйдің төбесіндегі күн панелі мен дуал үстіндегі жел қозғалтқышы қондырылған діңгектерді көріп, таңғалғаным сондай, бұл жерден жайбарақат өтіп кете алмадым. 4 ақпан 2016, 00:00 4 253 рет қаралды
​Соғыста және соғыстан кейін Қоғам

​Соғыста және соғыстан кейін

Соғыс, еңбек ардагерлері мен қарт адамдар үшін биыл Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісіне 70 жыл толуы атаулы оқиға болды. Міне, назарларыңызға тағдырларына осы сұм соғыс қандай да бір әсерін тигізген жерлестеріміздің өмірінен бірнеше көрініс ұсынғым келеді. Мүмкін, бұл оқырманның қазіргі өз тұрмыс-тіршілігіне басқаша қарауына септігі тиер. 24 желтоқсан 2015, 00:00 4 072 рет қаралды
Туыстары табылды (толықтырылды) Қоғам

Туыстары табылды (толықтырылды)

Бір ай бұрын біз полицейлермен бірге құжаты мен тұрақты баспанасы жоқ адамды Әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырғанбыз. Бүгін қылмыстық іздестіру бөлімінен оның қайтыс болғаны туралы хабар келді. 19 қараша 2015, 21:33 4 551 рет қаралды
​Жұма, кешкі және түнгі Атырау Қоғам

​Жұма, кешкі және түнгі Атырау

Қызара батқан күн көкжиектен жоғалып, ал қала біртіндеп ымырт құшағына ене бастағанда шам оттары және көше маңдайшаларымен алабажақтанған қала ұйқыға кеткендей көрінеді. Алайда ол басқа тіршілік ағымына кіріседі. Мұны күні-түні жұмыс істейтін полицейлер жақсы біледі. Жұма мен демалыс күндері халықтың басым бөлігі қауырт жұмыс аптасынан демалып жатқан кезде тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Осы күндері жедел-алдын алу шаралары жүргізіледі. Жұма күні кешкісін солардың біріне қатысуды ұйғарған едім. 6 тамыз 2015, 00:00 6 424 рет қаралды
​Майдан жақын еді Қоғам

​Майдан жақын еді

Облыстық мұрағат құжаттарын парақтасақ...Атырау облыстық мұрағатында сақтаулы жатқан, әріптері жартылай өшкен, машинкаға басылған немесе бұлдыр сиямен жазылған, уақыт өте келе сарғайып кеткен ондаған қалың томдар – бұл тарих, Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан қала тарихы. 7 мамыр 2015, 00:00 4 326 рет қаралды
​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры Қоғам

​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры

Мақтым әже туралы мен бір сыйлы адамнан естідім, оған сенбейтіндей менің еш негізім болған жоқ, алайда бұл оқиға менің жұмыс жоспарыма «күмәнді, тексеру керек» деген ескертпемен енді. Дегенмен, екі рет жесір қалған, тыл еңбеккері, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, өмір бойы мұнай саласында жасап, 100-ге толған қазақ әжей мәнді өткен өмірінің соңында баспанасыз қалыпты дегенге кім сенеді? 7 мамыр 2015, 00:00 6 409 рет қаралды
​Қарапайым қаһарманның жазбасынан Қоғам

​Қарапайым қаһарманның жазбасынан

«Ардақты артық көруші Ағамызға, тағы басқа жолдас-тарыңа інің Шайрманнан сағынышты сансыз сәлем. Бөтен айтар сөзім жоқ. Тек қана амандық білдіру. Амандық білу. Ағай, өзің де аман боларсың. Бұл жақта біздер аманбыз... Ағай, енді бізді бір жаққа жүргізер білемін, неге десең, біздің қасымыздағы балдарды киіндіріп жатыр. Енді бізге хат салма. Қош, сау бол. Көргенше күн жақсы болсын...Хат жазушы Булеков Шайрман.» 7 мамыр 2015, 00:00 3 543 рет қаралды
Ұлы Соғыс күнделігі Қоғам

Ұлы Соғыс күнделігі

Марапаттау қағазы жазбаларынан ...Ол қашанда тырсылдап тұратын. Абажадай, әбден ескірген «Ундервуд» жазу машинасы маңыздылығы жағынан соғыс қаруына тең еді. Ол полк немесе дивизия штабы қай жерде орналаспасын, барлық жерде басылып жататын. Үздіксіз жұмыс жасап, соғыс даласындағы оқиғаларды, марапатқа лайықты жауынгерлердің ерлігін тіркеп отыратын... 12 наурыз 2015, 00:00 6 672 рет қаралды
Нәзік бүлдіршіндер Қоғам

Нәзік бүлдіршіндер

Психологтар мектептегі «алты жасарлар» сыныбын құп көрмейді Бірінші оқу тоқсаны аяқталып қалды, ал алты жасар бірінші сынып оқушыларының алаңдаулы ата-аналарының психологиялық жастар орталығына баруы жиіледі. Әр жағдайдың анық-қанығына жеткен психологтар алты жастан бастап білім алу қазір жабығуға, тым мазасыздыққа және жалпы бала денсаулығының нашарлауына әкеп соқты деген пікірде.   31 қазан 2014, 15:50 3 068 рет қаралды