9 маусымда облыстық әкімдік ғимаратында Ақтөбедегі қайғылы оқиғаларға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.
- Мен сіздердің назарларыңызды елбасының «түсті төңкеріс» туралы сөзіне аударғым келеді. Осы сценарийдің белгілері бізде де байқалады. Президент қоғам мен елді шайқалтуға тырысатындармен күресу үшін мемлекеттің қосымша шаралар алатындығын мәлімдеді, - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ.
Ол Ассамблеяның бүкіл хатшылығына облыс өңірлерінде 40 күн ішінде терроризм қаупінің «сары деңгейі» әрекет етіп тұрған кезде, әрбір селолық округтер мен аудандарда кеңестер жүргізіп, жергілікті тұрғындар арасындағы беделді адамдарды, ҮЕҰ өкілдерін түсіндірме жұмыстарына тартуға нұсқау берді.
- Әлеуметтік-экономикалық проблемалар кешенді сипатқа ие. Түрлі бағыттардағы реформа кезеңінде қоғамда белгілі бір наразылықтар болатындығы даусыз. Сондықтан жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, - деді Тоғжанов.
ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым ШОЙКИННІҢ пікірінше, біздің елімізде лаңкестік үшін алдыңғы діни себептер жоқ. Қазақстанда 2,5 мыңнан астам мешіт, 3600 діни бірлестіктер бар. Олардың басым бөлігі – 2508 – мұсылмандық ұйымдар.
Дегенмен де, діни терроризм мен халықаралық экстремизм қаупі бірде-бір мемлекеттен айналып өтпейді. Ол діни терроризмнің алдын алу үшін жұмыстардың, соның ішінде ҚАЖК жүйесінде ҚК-тің тиісті баптары бойынша сотталғандармен жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы әңгімеледі. Соңғы 3 жылда 600-дей адам оңалтылып, дәстүрлі ислам ағымына ауысқан. Қазақстанда 5 діни оңалту орталығы жұмыс істейді. Соның ішінде Ақтөбеде «Аңсар» және Атырауда «Шапағат» орталығы бар. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанында діндарлардың радикалды топтарымен ғана жұмыс істейтін 30 адамнан құралған жетекші теологтардың республикалық тобы жұмыс істейді. Кешікпей Алматыда «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениет университетінің жанынан оңалту жұмыстарымен айналысатын діни кадрлар даярлайтын орталық ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар 40 имамды бүлдіргі ағымдардың өкілдерімен, әсіресе, экстремизм мен терроризм үшін сотталғандар арасында жұмыс жасауды оқытатын Түркиядағы академияға жіберу жоспарланған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА