Атырау қаласында биыл Жеңіс күні 9 мамырда Жеңіс саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою шарасымен атап өтіледі деп жоспарлануда (Былтыр осы күні саябақ жабық болды). Алайда алдағы үш күнде өңіріміз сары аймақтан қызыл аймаққа өтіп кетпесе ғана.
Жеңіс саябағында санитарлық талаптарды (маска, әлеуметтік арақашықтық) қатаң сақтау қажет болады.
Атырау облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, бұдан өзге мерекелік мәдени шаралардың барлығы (көрмелер, концерттер және т.б.) онлайн форматта ұйымдастырылады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ