Атырау, 23 қараша 12:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Дәрі-дәрмек бағалы дүниеге айналды

4 425 просмотра

Бүгінде қалтасы қалың жандар ғана сырқаттана алатын болған.  Дәрі-дәрмек бағаларының көтеріліп кеткені сондай, қарапайым тұмауратудың өзі отбасылық бюджетке ауыр соғады.

КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Маған «Гептрал» препаратын тағайындады. Өткен аптада ғана қаладағы дәріханалардың бірінде ол 9,5 мың теңге болатын. Бүгін сол жерге барып едім, ол жердегі баға 10,5 мың теңге екен. «Нольпадтың» құны 660 теңгеден750-ге дейін, «Предукал» жекелеген дәріханаларда 2 мыңнан 4,5 мыңға дейін көтеріліп кеткен. Тіпті, қымбат тұрмайтын құрамында кальцийі бар шәрбатты 400теңгеден сатып алатынмын, енді оны 1200 теңгеден алуға тура келеді, - деп әңгімелейді біздің оқырманымыз Валентина.

Конъюктивит дәрілері – 2 жақпамай мен 2 атаудағы тамшылар 10 мың теңгеге шықты. Жөтел шәрбатының бағасы да көтеріліп кеткен, – дейді оны құптаған Талғат.

Әсіресе, жаңадан шыққан антибиотиктердің, вирусқа қарсы препараттардың, көз тамшыларының бағалары едәуір қымбаттап кеткен. Үнемі емделуді қажет ететін пациенттерді, егде жандарды дәрі-дәрмектердің үзіліссіз қымбаттауы алаңдатып отыр. Бұл процестің қашан тоқтайтыны белгісіз.

 

…СОДАН СОҢ ДЕВАЛЬВАЦИЯ БОЛДЫ

Былайынша айтсақ, дәрі-дәрмектер құны кеше ғана емес, тіпті, ақпандағы девальвациядан кейін де қымбаттаған жоқ. Дәріхана қожайындары бағаның Жаңа жылға дейін өскендігін айтады. Ал, девальвациядан кейін бағалар тоқтамайды. Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтер қол қойған меморандум тізіміне кірген дәрі-дәрмектердің құны ғана өспейді. Меморандумның мақсаты - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейтін, әлеуметтік осал топтарға анағұрлым қажет бірқатар дәрмектердің бағаларын белгілеу болатын. Олардың бағалары 10 ақпанда белгілеген бағадан жоғары болмайды.

Атырау облысында меморан-думға 14 ақпанда қол қойылды. Естеріңізге салсақ, біздің облысымыздағы бөлшек сауданы 282 дәріхана,10 дәріхана пункті, 8 дәріхана дүңгіршектері жүзеге асырады. Бұдан басқа, бізде ірі дәрі-дәрмектердің және өз дәріхана қоймалары бар медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізушілердің: «Медикус центр» ЖШС, «Іңкәр», «Актюбфармацентр» ЖШС және ФК «Ромат» ЖШС өкілдері жұмыс істейді. Атырау қаласының өзінде 181 дәріхана, 5 дәріхана пункті мен 6 дәріхана дүңгіршегі бар. «Медицина» АҚ-на 39 дәріхана, «Фармация» АҚ-на 11 дәріхана тиесілі, сондай-ақ, жеке кәсіпкер Гүлжан ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ дәріхана желісі бар.

Бастапқыда тізімге 152 атау кірді. Меморандум 2 айға жасалды.

– Сәуір айында біз фармбизнес өкілдерін жинап, дәрі-дәрмектердің (200-ге дейін) тізімін өзгертіп және кеңейтіп, жаңа меморандум жасадық. Онда фармацевтердің бағаны көтеруге құқығы жоқ. Меморандумның әрекет мерзімі – 3 ай. Тізім барлық дәріханаларда ілінген, – дейді Атырау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бөлім бастығы Сара ОРАЗОВА.

 

БІЗГЕ ЖАРАМСЫЗЫ ЕНГЕН БЕ?

Осы тізімдегі дәрі-дәрмектердің бағаларын біз өсірмейміз, дегенмен, денсаулық сақтау министрлігімен осындай меморандум жасаған біздің жеткізушілеріміз де солай етеді, - деді Атыраудағы дәріхана желілерінің бірінің қожайыны. - Ашығын айтқанда, олар саттықтың жалпы көрінісіне болжам жасамайды, өйткені, үлкен сұранысқа ие емес және олардың үлесіне саттықтың азғана көлемі тиеді. Дәрі-дәрмек өндірушілер осыны біліп, өз мүдделері үшін осы тізімді жасауға түрткі болып отыр-ау деп күмәнданамын. Осылайша, олар зиянға қалмайды.

Ал, күн сайын қабылдануы қажет, мәселен, артериалдық гипертензия кезінде тағайындалған ең өзекті препараттар тізімге енбеген. Фармацевтердің растауынша, тізімге енуі де мүмкін емес екен. Өйткені, олардың құны доллар бағамына қарай үнемі өзгеріп отырады.

Ертеңгі күні фармацевтикалық нарыққа, шикізатқа қатысты не болатынын ешкім де болжай алмайды. Препарат қымбаттап, біз оны сатып ала алмай қалатын жағдай болса, оны қалай тізімге енгізуге болады? - дейді фармацевтер.

 

«ҚАНШАДАН САТАТЫНЫМДЫ БІЛМЕЙМІН»

Импорттық өндірістегі қалған дәрі-дәрмектерге келер болсақ, онда олардың құны ағымдағы жылдың наурызында әжептәуір өсті. Тауардың жаңа партиялары жаңа баға бойынша келді. Оның үстіне, жекелеген жағдайларда көтерме бағалар қала дәріханаларындағы бөлшек бағадан жоғары болып шықты. Дәрі-дәрмектердің нан еместігі, оның күн сайын сатып алынбайтындығы түсінікті. Сондықтан фармацевтердің тауарларға қосатын үстеме бағасы азық-түліктерге қарағанда анағұрлым жоғары, 30% шамасында.

Алайда, соңғы кездері сату маржасы төмендеп кетті. Егер мен бұрын қосқан пайызды қосар болсам, онда сатып алушылар кері айналып, басқа дәріханаларға кетіп қалады, - деді жеке дәріханалардың бірінің қожайыны. - Бұрын мен «Предукалды» 2 мың теңгеден саттым, ал, енді ол бізге 2300-ден келеді. Бөлшек бағада 450 теңгеден тұратын «Вентолин» аэрозолін көтерме сатушылар енді 465 теңгеден сатады; «Гептралдың» бөлшек бағасы 7 мың теңге шамасында болды, ал, бүгінде жеткізушінің көтерме бағасы – 7600 теңге. Енді мен, тіпті, оны қаншадан сату керектігін білмей отырмын, бірақ салықтарды, еңбекақыны және басқаларын қосқанда, 10 мың теңгеден аз болмайды.   

 

АЛ, ЕГЕР БҰЛ КЕЛІСІМ БОЛСА ШЕ?

Дәріхана қожайындары фармацевтика нарығындағы бағалардың көтерілуіне өздерінің қатысы жоқ екендігін үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. Бәлкім, бұл қазақстандық фармацевтикалық өндірушілер мен импорттық өндірістегі дәрі-дәрмектерді сатып алатын ірі көтерме сатушылардың келісімі шығар дегенді айтады олар. Дегенмен, қазақстандық дәрі-дәрмектер зауыттарын жүз пайыздық тауар өндірушілер деп атау қиын. Өйткені, олар импорт шикізаттарды долларға сатып алады, бұл да бағаның қалыптасуына әсерін тигізеді. Қалай болғанда да, олардың қызметін әзірге ешкім тексермейді.

– Бізге Департаментке пациенттер дәрі-дәрмектердің қымбат екендігіне қатысты шағымданып, жиі қоңырау шалады. Алайда, қазіргі уақытта  біз тек меморандумға сәйкес тізімдер бағасына ғана, сонымен қатар стационарларда қолданылатын дәрі-дәрмектердің бағасына, азаматтардың жекелеген санаттарына (қант диабетімен ауыратындарға, ағзалары ауыстырылған пациенттерге және т.б.) арналған дәрігерлердің рецептілері бойынша амбулаториялық босатылуына бақылау жасаймыз. Қалған жағдайларда кәсіпкерлік субъектілерінің өздері нарықтағы ахуалға байланысты бағаны өздері белгілейді, - дейді С.Оразова.

– Ал, егер шынымен де баға келісімі болған болса, оның нәтижесінде тұтынушылар мүддесі зардап шеге ме? Бәлкім, бұл жағдайға Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызығушылық білдірер?

– Біз оларға жүгіндік. Бірақ олардың да фармацевтикалық компаниялардың коммерциялық қызметіне араласу үшін өкілеттіктері жоқ екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.