Атырау, 22 қараша 19:03
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Сұлулықты жырлаған суреткер»

Сурет
3 672 просмотра

Ш.Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Қазақстанның және Қырғызстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші Ілия Жақановтың  жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Қылқалам шеберінің жеке шығармашылық көрмесіне 73 суреті қойылды.

Айса УТАРАЛИЕВ, ҚР Суретшілер Одағының Атырау облыстық филиалының төрағасы, суретші:

- Ілия Жақанов ағамызды 70- жылдары «Жайлаукөл кештері» деген әдемі жұмыстары шыққан еді. Кештің қарайып, күн ұясына кіріп баратқанын әсем әрі әдемі бейнелеген. Қатты ұнады. Жалпы сол кезде ағамыздың аты- жөнін қана естіп жүрдік, кейін таныстық. Бұл талантты суретші және керемет адам.

Сонымен қатар көрмеге Ілия Жақановтың суреттерінен бөлек өмірінен сыр шертетін кітаптар қойылып, шағын бейнеролик көрсетілді.  Оның халық арасында кеңінен таралған «Еділ мен Жайық» әні де орындалды.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

«АЖ» ақпары: Ілия Жақанов - композитор, публицист, суретші, музыкатанушы 1936 жылы қазіргі Жамбыл облысында дүниеге келген. Еңбек жолында ҚазСРО Министрлік Кеңесінің мемлекеттік комитетінің теледидар және радиохабар жүйесінде әдеби редактор  және Қазақ радиосында редактор қызметін атқарған.  Ілия «Астанаға неге көшпейсіз?» деген сұраққа «Маған жан тыныштығы керек. Ал сол жан тыныштығын Атыраудан ғана таба аламын» дейді.

13 желтоқсан 2017, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.