Атырау, 23 желтоқсан 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Мектепте оқуға ата-анасының қолхаты керек

«Менің 7 жасар қызым 1-типті (инсулинге тәуелді) қант диабетіне шалдыққан. Ол - І топ мүгедегі. Мемлекеттен айына барлығын қосқанда 38 мың теңге көмек аламыз. Мәселе мынада болып отыр: қандағы қант деңгейін әрбір екі сағат сайын, яғни күніне 8 рет өлшеп, 5 рет дәрі егу керектігі ұсынылған. Яғни, біз айына тест-жолақтың 2,5 орамасын (бір орамада 100 дана бар) және шприц-қалам үшін 150 ине (бір орамада 100 ине болады, бір қораптың құны – 3000 теңге) пайдаланамыз. 21 наурыз 2013, 00:00 16 598 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Жасөспірімдерге жоламасын

- ҚР Еңбек Кодексінің 31-бабында жаңа талап пайда болды. Кәмелетке толмағандар қатысатын білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесі  және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынуы қажет. Бұл талап тек жаңа қызметкерлерге ғана қолданыла ма, әлде еңбек келісімшарты жасалғандар да осындай анықтама ұсынуы тиіс пе? 14 наурыз 2013, 00:00 2 153 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ақылды телефон бар

- Біз Жұлдыз ықшамауданында, мешіттің маңындағы 8-көшеде тұрамыз. 2012 жылдың тамызында байланыс қызметіне өтініш бергенбіз, бірақ әлі күнге дейін телефонсыз отырмыз. Операторлар бос сыйымдылық жоқ деседі. Ал көршілерімізде байланыс бар. Неге бұлай? Байланысты қаншалықты ұзақ күтуіміз керек?  14 наурыз 2013, 00:00 2 278 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Көршілер, шатырды жөндеуге бірігіңдер!

– Менің есімім - Тимур Мәтжанов, бала кезден ІІ топ мүгедегімін. Сәтпаев, 10-үй, 80-пәтер мекен-жайындағы бір бөлмелі пәтерде, бесінші қабатта анаммен бірге тұрамын. Төбемізден су кетіп, сылағының түсіп жатқанына жеті жыл болды. ПИК-ке әлденеше рет хабарластық, бірақ ондағылар қаржының жоқтығын айтып, шатырды өзімізге жөндеуді ұсынып, есесіне пайдалану шығындарынан 15 мың теңгені шегеріп тастайтындықтарын айтты... 14 наурыз 2013, 00:00 1 843 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ықшам аудандардағы кернеулер

– Жыл басында «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айвар РАХМАНОВ кейбір тұрғын массивтеріндегі кернеуге қатысты проблемалардың қосымша абоненттердің қосалқы стансаларға заңсыз қосылуымен байланысты екендігін айтты. Осыған байланысты проблема туындап отыр. Кезінде «Жерұйық» ықшамауданындағы 6 үйдің өз трансформаторы болды. Уақыт өте келе «Атырау-Жарық» бізді өзінің ортақ қосалқы стансасына қосты. Қазір біздің үйімізде төмен кернеудегі жарық беріліп отыр. Бұл жағдайдан шығатын нақты жолдар бар ма? Егер қосымша абоненттер біздің трансформаторға қосылған болса және «Атырау-Жарық» олардан да абоненттік төлем жинайтындығын ескерсек, ол бұл жағдайға қалай ықпал ете алады? 14 наурыз 2013, 00:00 2 635 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Бұрынғыша есептеледі

Интернетте жаңа жылдан бастап алименттер жаңаша есептеледі деп жазылып жүр. Егер бұрын нақты жалақы мөлшерімен есептеген болса, енді ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерімен есептеледі екен. Қазір күйеуіммен ажырасқалы жүрмін. Оның алатын жалақысы – 350 мың теңге. Демек, егер ол бұрын балаға осы соманың 25 пайызын, яғни, шамамен 87 мың теңгені төлер болса, енді 4,5 мың төлемек пе? Оның жалақысына қатысты тағы бір сұрағым бар. Оған ресми түрде 200 мың теңге, ал бейресми тағы 150 мың теңге төлейді. Мен күйеуімнің жұмысынан оның жалақысы туралы анықтама алып, сотқа апарғым келген. Бірақ жұмыс беруші (бұл - оның туған бауыры) маған анықтама берген жоқ. Қалай етуге болады? Маман түсінік берсе екен. 7 наурыз 2013, 00:00 3 040 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Заңды демалыс

– Мен Қашағанда 28/28 күндік вахталық әдіспен жұмыс жасадым. Содан кейін мені бұйрық арқылы 7/7 күн кестесімен Атырауға ауыстырып жіберді.  Алдыңғы келісімшартқа сәйкес, мен 28 күн демалуға тиіс едім, бірақ бар болғаны 23 күн демалдым. Үстеме 5 жұмыс күні үшін маған төлемеді. Бұл заңды ма? Тек менің мекен-жайым ғана өзгерді, ал компания орнында қалды ғой. 28 ақпан 2013, 00:00 2 776 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Анықтама алуға құқылы

– Бірнеше жыл бұрын азаматтығымды өзгертіп, Ресейге тұрақты мекен-жайға көшіп кеткен едім. Енді зейнетақы ресімдеу үшін маған соңғы бес жылдағы мұрағат анықтамасы қажет болып отыр. Атырау қалалық мұрағатына хабарласқанымда, маған мұндай анықтама беруден бас тартып, тек үш жылдың ғана анықтамасын бере алатындарын айтты. Енді не істеймін? 28 ақпан 2013, 00:00 2 140 рет қаралды
Бұл тек басы ғана... Сұрақ-жауап

Бұл тек басы ғана...

– Мен Көкарна поселкесінен коммерциялық мақсатқа жер учаскесін сатып алған едім. Алаңы 120 шаршы метр болатын бір қатарлы дүкен салмақпын. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы үнемі құрылыс салуға рұқсат алу тәртібі туралы қарама-қайшы мәлімет береді. Бүгінде құрылыс бастауға рұқсат алу тәртібі қандай екенін білгім келеді. Жұмыс жобасы қажет пе? Қандай кезеңдерден (сызбалық жоба, сәулет қызметінің келісімі, жұмыс жобасы, сараптама, құрылыс салуға рұқсат және т.б.) өту керек? 21 ақпан 2013, 00:00 3 370 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Тәжірибеден өту - ақылы

– Мен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Радиотехника, электроника, коммуникация» мамандығы бойынша 4 курста оқып жүрмін. «Қазақтелекомнан» тәжірибеден өткім келген, бірақ облыстық телекоммуникациялар дирекциясының кадрлар бөлімінде кәсіпорыннан тәжірибеден өту ақылы екендігін және 20 мың теңге шамасында екендігін айтты. Мен абдырап қалдым. Мұндай ережемен алғаш рет бетпе-бет келіп отырған едім. 21 ақпан 2013, 00:00 2 778 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Лицензиялық өнім орнатылуы тиіс

– Менің компьютерлер жөндеу қызметін көрсететін ЖК-ым бар, сонымен қатар Windows операциялық жүйелер орнатумен де айналысқым келеді. Мұндай қызметтер көрсетуге құқылымын ба? Маған өндірушіден қандай да болмасын рұқсат қажет пе? 21 ақпан 2013, 00:00 2 015 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Даңқты жерлесіміздің есімі

– Бұрын біздің көшеміз Верхняя Садовая деп аталды. Өткен жылдың аяғында оған Шамкен Мұхтаровтың есімін берді. Бүкіл интернетті қопарып, мұндай адам туралы ешқандай мәлімет таба алмадым. Біздің көшеміздің қандай жанның есімімімен аталатынын білгіміз келеді. 14 ақпан 2013, 00:00 2 571 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Егеуқұйрық, тышқан бар ма?

– Мен Балықшыдағы жеке секторда Оң жақ Жоғарғы Перетаска көшесінде тұрамын. Бұрын бізде тұрақты түрде тышқандар мен егеуқұйрықтарды құрту жұмыстарын жүргізіп, үйлерді аралап арнайы улы заттар тарататын. Соңғы рет бұл 2011 жылы болды. Қазір суыққа байланысты сарайлар мен басқа қосалқы орынжайларда егеуқұйрықтар пайда болыпты. Неліктен оларды қазір уламайтын болған? 14 ақпан 2013, 00:00 3 467 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Отбасы бөлек, бизнес бөлек

– Мемлекеттік сатып алулар бойынша тендерлік конкурсқа қатысу кезінде бәсекелестер арасында қандай туыстыққа жол беріледі? Мәселен, бір тендерге өз ЖК-і бар бауырым, ұлым немесе әйелім және мен қатыса аламын ба? 7 ақпан 2013, 00:00 2 656 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Нөмір дағдарысы

– Жаңа мемлекеттік нөмір алғым келген. Бірақ көліктің артқы нөмір тұратын орны шаршы боп келген. Жергілікті жол полициясындағылар жаңа нөмірлердің тек тік бұрышты пішінде екенін мәлімдеп отыр. Алайда жол полициясы комитетінің сайтынан шаршы нөмірлер де бар екенін оқыған едім. Осы рас па? 7 ақпан 2013, 00:00 2 109 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Үстемақы қосылған сәлемдеме

- Менің атыма пошталық сәлемдеме келген еді. Алайда пошташы бұл туралы хабарламаны маған сәлемдеме пошта бөлімшесіне келіп түскеннен кейін бір апта өткенде әкелді. Сәлемдемені алып кетуге келсем, поштада бір апта бойы жатқаны үшін ақы төлеуімді талап етті. Бұл жағдайда пошта қызметкерлерінің әрекеттері дұрыс па және пошта бөлімшелерінде сәлемдемелердің ақысыз сақталу мерзімі қандай? 24 қаңтар 2013, 00:00 2 169 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Талонсыз тексеру

- ҚР Көлік және коммуникация министрі Асқар ЖҰМАҒАЛИЕВ жаңа жылдан бастап Қазақстанда техникалық қадағалау қағазсыз болады деген болатын. Көлік иелері барлық процедуралардан өтіп, бұл туралы хабарламаны, сәйкесінше, органдар интернет арқылы алады делінген. Биыл қағаз талондар беріле ме? 9 қаңтар 2013, 18:54 1 858 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Есеп бұзылды

- Біз үшін газға ақша төлеу үлкен мәселеге айналды. Біз бұрын ақшаны ХҚО-ның Балықшы бөліміне барып төлейтін едік, бірақ бұл жолы кассирді түстен кейін күттік, ол келмеді. Төлемді Қазпошта да алмай, бізді Алмагүл ықшам ауданына жіберді. Ал онда тұрған кезектің шеті жоқ. Не істеуге болады? 9 қаңтар 2013, 18:58 2 091 рет қаралды
Белгілерге абай бол! Сұрақ-жауап

Белгілерге абай бол!

- Азаттық – Әліпов көшелері қиылысында «Атырау» шипажайынан шығарда «Жол беріңіз» белгісі тұр. Бұл егер менің маневрым басқа қозғалыс қатысушыларына кедергі келтірмей, апатты жағдаяттар тудырмасам, бағдаршамның белгілеріне қарамастан қиылысқа шыға беруіме болады деген сөз. Алайда, мен шипажай жақтан қиылысқа шыққан жүргізушілердің бағдаршам белгілеріне қарайтынын байқап жүрмін. Кімдікі дұрыс? 9 қаңтар 2013, 18:59 2 665 рет қаралды
Сұрақ-жауап

Ыңғайсыз өткел

- Сәтпаев даңғылынан Владимир көшесіне бұрылыстан («Өнерпаздың» қасында) бірнеше метр жерде жаяу жүргіншілер өткелі бар. Бұл өте шиеленісті қиылыс. Қарбалас сағаттарда Сәтпаевтан Владимир көшесіне бұрылыста машиналар көп жиналып, жүргізушілер Сәтпаев даңғылынан тез өтіп кетуге тырысады және көшеден өтерде жүргіншілерді жіберіп, тағы тоқтауға тура келеді. Сәтпаевтан Ерғалиев көшесіне бұрылыста да жүргіншілерді жіберуден машиналар кептеліс жасайды. Осы жүргіншілер өткелін, кем дегенде, 5 метрге әрі көшіруге болмас па екен? 9 қаңтар 2013, 19:01 2 117 рет қаралды
Негізгі көше қайсысы? Сұрақ-жауап

Негізгі көше қайсысы?

– Біршама уақыттан бері Балғымбаев – Жарбосынов қиылысында («Ренко» мейманханасының маңында) қозғалыс басымдығы өзгерді. Бұрын Жарбосынов көшесінен Балғымбаевқа бұрылатын машиналарда артықшылық бар болатын. Оларды мейманхана жақтан және SOS емханасы орналасқан тұйықтан шығатын көліктер өткізіп жіберетін. Енді артықшылық Балғымбаев көшесіне берілген. Бұл қиылыста қозғалыс көп емес. Ендеше өзгерісті енгізуге қандай қажеттілік болды екен деген сұрақ туындап отыр. 26 желтоқсан 2012, 17:02 2 130 рет қаралды
Еңбек демалысы, сақ бол! Сұрақ-жауап

Еңбек демалысы, сақ бол!

- Өткен жылы мен еңбек демалысын желтоқсан айында алған едім, ал биыл ертерек – тамызда алуды жөн көрдім. Алайда есеп бөлімі маған өткен еңбек демалысынан 12 ай уақыт өтпегенін негізге алып, сауықтыру ақысын толықтай төлеуден бас тартты. Тек жұмыс жасаған 8 айға есептеп, аударды. Есеп бөлімінің бұл әрекеті дұрыс па? 19 желтоқсан 2012, 16:46 12 495 рет қаралды
Асфальт келер жылы төселеді Сұрақ-жауап

Асфальт келер жылы төселеді

- Геолог поселкесінен Теңдік ауылына барар жолда орналасқан Строительный көшесінің көлік жолы 2012 жылы күрделі жөндеуге жатады деген тізімге енгізілген. Жыл аяғы болды, ал асфальт әлі күнге дейін жоқ. Жөндеу қашан жүреді? 12 желтоқсан 2012, 23:04 1 981 рет қаралды