Сұрақ-жауап Шекара орны – Қаладан 11 шақырым жерде Талғайраң ауылы бар. Талғайраңнан тағы 11 шақырым жерде «Атырау қаласының шекарасы» белгісі тұр. Алайда жақын маңда елді мекендер жоқ. Бұл белгінің болуы жол полицейлеріне Атырау-Индер тас жолының бойымен сағатына 60 шақырым жылдамдықтан жоғары жүретін жүргізушілерге айыппұл салу құқығын береді. «Атырау қаласының шекарасы» жол белгісін оның нақты шекарасына – Талғайраң ауылына кері орнатуға бола ма? 10 шілде 2014, 00:00 2 418 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарықтан алыс тұрамыз - Мен Досмұхамедов (бұрынғы Московский) көшесі 127/3 мекенжайында тұрамын. Біздің үйлерімізге электр қуаты ТП-45/15 трансформаторынан беріледі. Қыста да, жазда да жүктеме көп болғанда, кернеу 180-190 В-ға дейін төмендейді. Бізді қашан жаңа ТП-ға көшіреді? Біз Атырау-Жарыққа толық тариф бойынша ақша төлеп жатырмыз, ал, монополист қызметін толық көлемде бермей отыр. Осы мәселені шешуге көмектесіңіздерші. 26 маусым 2014, 00:00 3 235 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төрт КамАЗ-ға қатысты іс – Менің көлік жуатын орным бар. Кәріздік жүйе жоқ, сондықтан пайдаланылған су септикке құйылады. Кәріз үшін төлемді тұтынылған су мөлшеріне сәйкес дер кезінде төлеп отырамын. Жұртшылық тыңдауында «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ АСА вакуумдарының қызметін пайдаланушыларға кәріз жүйесі үшін абоненттік төлемақы вакуум қызметі үшін төленген сомаға азаяды деп айтты. Бірақ іс жүзінде олай емес. Мен төрт КамАЗ-дан суды тартып шығаруға тапсырыс берген едім, ал, монополист өзара есептесу үшін түбіртек қабылдаудан бас тартып отыр. 26 маусым 2014, 00:00 2 739 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өтініш мерзімі ескірген – 2012 жылы мен «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша мал сатып алуға 2 млн теңге алу үшін «Индер Мақсатқа» құжаттар тапсырдым. Әлі күнге дейін жауабын күтіп жүрмін. Менің ұлттық кәсіпкерлер палатасына қояр сұрағым бар. Өтініштерді қарау мерзімі қандай? 29 мамыр 2014, 00:00 1 934 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мектепте ақша жинауға болмайды - Мектептерде жыл сайын оқу жылы аяғында жөндеу жұмыстарына деп оқушылардан ақша жинай бастайды. Осы қаншалықты заңды? Егер заңға қайшы болса, неге бұл үрдіс тоқтамайды? Жалпы, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөліне ме? 29 мамыр 2014, 00:00 10 876 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шеніне сай емес – Учаскелік инспекторымыз үйімізге келіп, есік қаққан кезде іштен «Кім?» деп сұрасақ, өзін «Атырау-Жарықтан» келіп тұрмын немесе көршімін деп таныстырып, біз көрмес үшін есіктің саңылауын қолымен жауып тұрады. Кейде есікті дүрсілдете соғып, тұтқасын тартқылап, бүкіл подъезді басына көтере: «Ашыңдар, полиция!» деп айқайлайды. Ұсақ-түйек мәселемен келсе де, ол өзін құдды біз қылмыскер секілді ұстайды. Учаскелік инспектордың осындай мінез-құлық көрсетуіне бола ма? Оның өкілеттігі неде? Менің учаскелік инспекторды пәтеріме кіргізбеуге құқығым бар ма? 15 мамыр 2014, 00:00 3 366 рет қаралды
Сұрақ-жауап «Қолжетімді баспана» кімге қолжетімді? - Сатыбалдиев көшесіндегі №25 үй, Жарбосынов көшесінде орналасқан №83 В және №85 үйлер, Нұрсая ықшам ауданындағы №66 үй қашан пайдаланылуға беріледі? - Бұл тұрғын үйлер бүгінгі күні құрылысы аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен қабылданды. Тұрғын үйлер толықтай Әділет Департаментіне тіркелгеннен кейін жас отбасыларын пәтерге қоныстандыруға болады. 15 мамыр 2014, 00:00 4 439 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық береді - Сарықамыс-2, Жұлдыз-1, 2, 3 ықшам аудандарын, Химпоселкедегі Говоров, Балықшыдағы 8 Наурыз көшелерін жарықтандыру жұмыстары қай уақытқа жоспарланған? Дамбыға апаратын тас жолдың бойы да түнгі уақытта өте қараңғы, жол бойына жарық қашан жүргізіледі? 8 мамыр 2014, 00:00 2 190 рет қаралды
Сұрақ-жауап Асфальт төселеді - Өркен ықшам ауданындағы №38 көше қашан асфальтталады? - Жұмыскер-1 ықшам ауданындағы №156 үй орналасқан көшеге асфальт қашан төселеді? - Балықшыға іргелес жатқан Холодильник ауылына асфальт төсеу қашан жүзеге асады? 8 мамыр 2014, 00:00 2 845 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сақ болыңыз, велосипедші! – Атырауда велосипедшілер көбейіп кетті, әсіресе, Жайық жағалауында. Соның салдарынан серуендеп жүрген адамдарды қағып кетеді. Осыған байланысты қандай шаралар алынуда? 1 мамыр 2014, 00:00 1 868 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бағдаршам қалпына келтіріледі – 26 наурызда Атырау - Доссор және Атырау – Индер тас жолдарының қиылысында КамАЗ бен «Опель» көліктері соқтығысып қалды, соның салдарынан бір әйел адам ауруханаға түсті. Қиылыстағы бағдаршам жұмыс жасамайды. Неліктен осыншама маңызды көлік тармағында қозғалысты реттейтін негізгі құрал жұмыс жасамай тұр? 1 мамыр 2014, 00:00 3 045 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сенбілік ерікті түрде – Мен бюджет қызметкерімін. Жыл сайын қалада күзгі және көктемгі маусымда қаланы санитарлық тазарту жөнінде екі айлық жарияланады. Бұл жұмысқа көп жағдайда бюджеттік мекеме қызметкерлерін тартады. Неліктен мен, басқа әріптестерім секілді, демалуға бөлінген заңды уақытымды қоғамдық жұмыстарға жұмсауға мәжбүр боламын? Неліктен бұл жұмысқа шығу деп есептелмейді және еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес төленбейді? 24 сәуір 2014, 00:00 8 058 рет қаралды
Сұрақ-жауап Емханалардың өзара көмегі – №5 емханада рентген аппараты бұзылып қалып, пациенттерді №1 емханаға жіберуде. Ол жерде бізден 500 теңге төлемақы талап етіп отыр. Бұл процедураны кім төлеуі тиіс – емхана ма, әлде пациенттер ме? 24 сәуір 2014, 00:00 2 032 рет қаралды
Сұрақ-жауап Киімге қарап қарсы алып... – Құрманғазы ауданындағы поселкелердің бірінде тұратын танысым отбасына атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде поселкелік әкімдікке жүгінген. Бірақ оған тәуір киім киінгенін желеуретіп, бас тартқан. Оның күйеуі «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп, 20 000 теңге, үш баласына 1 700 теңгеден жәрдемақы алады. Өз баспаналары жоқ. Оларға атаулы әлеуметтік көмек тиесілі ме? Адамның сыртқы түрі үшін көмек рәсімдеуден бас тарту заңды ма? Олар қайда хабарласа алады? 24 сәуір 2014, 00:00 3 670 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарулы ханым – Алты жыл бұрын өзімді қорғау мақсатында электрошокер сатып алдым. Жақында электрошокерді алып жүру үшін атылатын қару секілді рұқсат керек екенін білдім. Осы рас па? Бұл рұқсатты алудың қажеттілігі қандай? Менде электрошокердің ешқандай құжаттары сақталмаған болса, маған рұқсат бере ме? 10 сәуір 2014, 00:00 2 313 рет қаралды
Сұрақ-жауап Топтан шығара ма? - Менің кішкентай сәбиім дүниеге келгенде оған туабітті жұмсақ таңдай (врожденное мягкое нёбо) диагнозы қойылған болатын. 2010 жылы ота жасатқанға дейін балам мүгедек ретінде тіркелген болатын. Ал ота жасалған соң баланы мүгедектік топтан шығару керек дейді. Осы рас па? 10 сәуір 2014, 00:00 2 064 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салықтар кімге тиесілі? – Мен шетелдік компанияның қызметкерімін, шетелде жұмыс жасаймын. Менің жалақымнан компания табыс салығын ұстайды және мен жұмыс жасайтын елге төлейді. Мен Қазақстанда табыс салығын төлеуге міндеттімін бе? 10 сәуір 2014, 00:00 2 264 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салық төлейтін уақыт – 2013 жылдың сәуірінде мен 8 жарым миллион теңгеге пәтер сатып алдым. Сол кезде доллармен есептегенде бұл сома 53 000 АҚШ долларын құрады. Алған уақыттан бастап (2014 жылдың ақпанында) жыл ішінде мен пәтерді 9 265 000 теңгеге саттым. Бұл долларлық баламамен (девальвация салдарынан) 50 000 АҚШ долларын құрады. Қазақстанда келісімдер теңгемен жүзеге асырылатындықтан, менде ұлттық валюта жағына қарай көбею тұрғысында айырмашылықтар болды. Бірақ іс жүзінде мен оны сатып алғаннан гөрі арзанға саттым. Оның үстіне Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығында бүкіл бағалар АҚШ долларымен белгіленеді. Осы жағдайда теңге айырмашылығынан табыс салығын төлеуге тиіспін бе? 3 сәуір 2014, 00:00 2 197 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ресивермен көре аласыз – Өткен жылы сандық теледидар бүкіл облыс ор-талықтарында іске қосылатын болады деп хабарланғаннан кейін мен теледидарымның бұрауын келтіріп, бүкіл отбасымызбен сапалы таратылымды тамашалаған едік. Балалар «Балапан» телеарнасын ұнатып көретін болды. Бірақ бұл үш аптаға ғана созылды. Содан соң бәрі ғайып болды. Бастапқыда бұрауын дұрыс келтірмегеннен қиындық туған шығар деп ойлағанмын. Бірақ мәселенің стансаның өзінде екені анықталды. Не болды екен? 20 наурыз 2014, 00:00 1 794 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жылу трассасын қолға алады – 2014 жылы Авангард 4-ші ықшамауданындағы №19 үйге апаратын жылу трассасындағы изоляцияны ауыстыру жоспарда бар ма? Жылу изоляциясының тозығы жеткен. 13 наурыз 2014, 00:00 1 731 рет қаралды
Сұрақ-жауап Мекенжайсыз тұрғындар – Байжігітов көшесіндегі апатты жағдайда тұрған №76 үйдің күрелетінін-күрелмейтінін білу үшін әлденеше рет жіберілген сұранысымызға бірде-бір рет жарытымды жауап ала алмадық. Жақында ғана Бейбітшілік даңғылы бойындағы салынып жатқан көппәтерлі үйде осы үйдің тұрғындарына арнап жаңа пәтерлер бөлінетіндігі белгілі болды. Осы рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 1 881 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күреу туралы құқық – Біздің үйіміз ескі баспана ретінде күрелуге кетеді. Үй тұрғындарына жаңа үйден ескі баспанадағы бөлме санына сәйкес пәтерлер ұсынуға уәде етті. Мұнда күрелуге кететін баспананың меншік иелерінің саны, сондай-ақ, әр отбасы мүшелеріне тиесілі шаршы көлем нормасы ескерілмейді. «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан ұсынылатын баспанаға бір отбасынан артық қоныстандыруға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, осы заңның 75-бабында мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй әр адамға кемiнде 15 шаршы метр және көп дегенде 18 шаршы метр пайдалы алаң мөлшерінде берiледi делінген. Мәселен, екі отбасы тұратын, күрелетін екі бөлмелі үйде әрбір отбасы жеке пәтерлер алуға үміттене ала ма? Әлде екі отбасы күрелетін баспананың орнына мемлекет ұсынатын баспананың шаршы көлемінің нормасын ескере отырып, екі бөлмелі пәтердің орнына үш бөлмелі пәтер алуға құқылы ма? 6 наурыз 2014, 00:00 2 059 рет қаралды
Сұрақ-жауап Салтанатты қозғалыс - Егер көлік Қазақстанға 2013 жылдың соңында әкелініп, тек 2014 жылдың қаңтарында ғана кедендік тексеруден өтcе, әзірге ішкі істер органдарына тіркелмеген үлкен көлемді қозғалтқышы бар автокөліктерге салық қалай есептеледі? Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Гүлжан ҚАРАҒҰСОВА 2013 жылғы 27 қараша күнгі «Автомобили» басылымына берген сұхбатында былай дейді: «Жаңа мөлшерлемелер тек 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап алғашқы тіркеу рәсімдерінен өте бастаған көліктерге ғана қатысты болады. Яғни, 3 000 текше см-ден жоғары көлемі бар көлік құралдарына салынатын жаңа салық салу мөлшерлемесі Қазақстанға 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автокөліктерге салынады. Бұл енгізілген жаңалық Жол полициясы органдарына 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін тіркелген көліктерге, олар тіпті 2014 жылы және әрі қарай кері сатылса да, қолданылмайды». Бұл жерде бір түсініксіз жайт – мәселенің анықтаушы факторы ретінде автокөліктің ҚР аумағына кіргізу күні алына ма, әлде кедендік тазарту және жол полициясы органдарына алғашқы тіркелу күні белгілене ме? 6 наурыз 2014, 00:00 1 960 рет қаралды
Сұрақ-жауап Наурыздан бастап қолайлы болады – Неліктен жылу және ыстық су үшін есепшоттарды интернет арқылы төлеу мүмкін болмай қалды? Электр энергиясы үшін төлей аламыз, ал жылу үшін төлей алмайтын болдық. Бұл өте қолайсыз. Өйткені банктерге немесе «Атырау Энергосату» кассаларына барып, кезекке тұруға тура келеді. 6 наурыз 2014, 00:00 1 650 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қозғалтқыш қосалқы бөлшек болып табылады - Қазір автокөліктің қозғалтқышын ауыстырғанда оны тіркеудің қажеті жоқ деп естідім. Бұл рас па? 6 наурыз 2014, 00:00 2 261 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ештеңе жоғалмайды - Егер бұдан он жыл бұрын ресімделген пәтерді сыйға тарту шарты жоғалып кетсе, не істеу керек? Оны қалпына келтіруге бола ма? Егер біздің мәмілемізді белгілі уақыт бұрын ресімдеген нотариусқа қояр сауалдарымыз пайда болса, алайда ол қазір бұл қызметпен айналыспайтын болса, кімге барып жүгінуге болады? 27 ақпан 2014, 00:00 1 999 рет қаралды
Сұрақ-жауап Газбен ойнама - Биылғы жылы аяз түскенде Атырау-2 ықшам ауданындағы газ қысымы кенет төмендеп кетті. Газ жанарғысындағы жалын көрінбейді. Үй іші салқын, кейбір бөлмелердегі температура 18 градусқа дейін түсіп кетті, балалар ауырып жатыр. Неліктен газ жоқ? 27 ақпан 2014, 00:00 2 000 рет қаралды
Сұрақ-жауап Төлқұжат қайда кетеді? – Ұзақ уақыт бойына әлдебір себептермен алынбай қалған жеке басын куәландыратын дайын құжаттарға не болады? 20 ақпан 2014, 00:00 1 940 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заң әлі күшіне енген жоқ - Еңбек мигранттарын тіркеу жөніндегі жаңа ережелерді пайдалануды жөн көріп, мемлекеттік баж салығын төлеп, еңбек шартын жасауға көші-қон басқармасына келсек, ол жерде бізге жеке тұлғалардың мигранттарды жұмысқа тартуын анықтайтын заң күшін жойылғанын хабарлады. Бұл қалай сонда? 20 ақпан 2014, 00:00 1 795 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бәрі де ақылы – Мен Молдағалиев, 26 мекенжайында тұрамын. Бізге Алма ТВ-дан келіп, бәрін сандық пакетке көшіретіндігін айтты. Сандық пакетке қосылу үшін олардан 10 мың теңгеге жаңа немесе 5 мың теңгеге бұрын пайдаланылған қабылдағышты сатып алу керек. Біріншіден, ажыратып, сандық пакетке ескертпестен көшіретіндігі ызаландырады. Ақысы төленуі керек бұл қандай қабылдағыштар? 19 ақпан 2014, 00:00 1 849 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жарық керек - Мен жеке кәсіпкермін, Томарлы селосы маңында мал шаруашылығымен айналысамын. Мемлекеттен берілген 500 га жер телімінің бір бөлігіне тұрғын үй, қора салып едім. Енді үйіме электр энергиясын тартқым келеді. Шаруашылығымның жанынан өтетін электр торабынан үйіме желіні өз күшіммен жүргізуге дайынмын, тек энергияны тұтынғаным үшін ай сайынғы ақыны қалай төлейтінімді білгім келеді - жеке кәсіпкер ретінде ме, әлде жеке тұрғын ретінде ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 670 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жүйе жаңа болғанымен, жалақы бұрынғы – Е-learning жүйесі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме ақы төлене ме? 13 ақпан 2014, 00:00 1 962 рет қаралды
Сұрақ-жауап Дерматологқа қаралыңыз – Мектептен келетін оқушы қызымның шашынан әлсін-әлі бит-сірке тауып аламын. Мектеп басшылығы хабардар, бірақ ешқандай реакция жоқ, тазалаңдар дейді. Айтыңыздаршы, мұндай жағдайда қайда хабарласу керек? 13 ақпан 2014, 00:00 2 827 рет қаралды
Сұрақ-жауап Маршрут тендерге байланысты -Мечников-Баймұханов көпірі арқылы Атырау ықшам ауданынан Балықшыға, қаланың орталығына қатынайтын автобус маршруттарын шығаруға болмай ма? 13 ақпан 2014, 00:00 1 851 рет қаралды
Сұрақ-жауап 13 күннің дауы - Мен вахталық әдіспен 28 де 28 күндік кестемен жұмыс істеймін. Қазір бізді осы кесте бойынша жұмыс істеуге келісеміз деп арыз жазуға мәжбүрлейді. Бірақ жақында ғана заңнамаға вахта 15 күннен аспауы керек деген түзетулер енгізілді ғой. Жұмыс беруші біздің компаниямызда басқа жақтан келіп жұмыс істеушілер көп екенін, олардың көлік шығындарын төлеу тиімсіз екендігін айтып ақталады. Өз құқығымызды қорғау үшін қайда жүгінеміз? Шағымданамыз десек, бізді ауызша «ең нашар жұмысшылар» тізіміне енгіземіз деп қорқытады, әрі қарай жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. 6 ақпан 2014, 00:00 3 028 рет қаралды