- Мен Досмұхамедов (бұрынғы Московский) көшесі 127/3 мекенжайында тұрамын. Біздің үйлерімізге электр қуаты ТП-45/15 трансформаторынан беріледі. Қыста да, жазда да жүктеме көп болғанда, кернеу 180-190 В-ға дейін төмендейді. Бізді қашан жаңа ТП-ға көшіреді? Біз Атырау-Жарыққа толық тариф бойынша ақша төлеп жатырмыз, ал, монополист қызметін толық көлемде бермей отыр. Осы мәселені шешуге көмектесіңіздерші.
Телефон арқылы
Сұраққа «Атырау-Жарық» АҚ президенті Айбар РАХМАНОВ жауап берді:
- Х. Досмұхамедов көшесі, 127 мекенжайындағы тұрғын үй электр қуатымен ТП-№45/15-тен емес, 0,4 кВ әуе желісі арқылы ТП-10/0,4 кВ №45/8-тен қамтамасыз етіледі.
2014 жылғы 27 мамырда жүргізілген тексеруде жасалған кернеуді өлшеу нәтижелері МЕМСТ 13109-97 «Жалпыға арналған электрмен қамту жүйелеріндегі электр қуатының сапасы нормаларына» сәйкес мәндерді құрады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған ТП-№45/8 трансформаторын жан-жағынан «Атырау-Жарық» АҚ келісімінсіз салынған ғимараттар мен тұрғын үйлер қоршап тұр және бұл ТП-дағы электр желілік жабдықтарға жөндеу және қолдану жұмыстарын жүргізу үшін арнайы техниканы (а/кран, шұңқыр қазушы техника және т.б.) кіргізуге бөгет болып тұр.
ҚР Үкіметінің 10.10.1997 күнгі №1436 қаулысымен бекітілген «1 000 В-дан жоғары электр желілерін қорғау туралы ереженің» (әрі қарай – Ереже) 11-тармағына сәйкес электр желілерін қорғау аймақтарында желіге иелік ететін ұйымның келісімінсіз қоршау мен құрылыс салуға тыйым салынады.
Сондай-ақ, осы Ереженің 13-тармағына сәйкес, электр желісінің қалыпты жұмысына кедергі келтіретін, олардың бұзылуына және бақытсыздық жағдайына душар ететін қандайма бір әрекеттер жасауға тыйым салынады.
Біздің тарапымыздан атқарушы органдарға (Атырау қ. әкімдігіне, Атырау қаласы ТЖ департаментіне) 1000 В-дан жоғары электр желілерін қорғау аймағы бұзылғаны жөнінде бірнеше рет хабарлама берілді.
Әзірге еш нәтиже жоқ.
Жоғарыда көрсетілген қуат нысандарына жөндеу жүргізу бекітілген кестеге сәйкес 2014 жылы жасалуы керек, яғни, үстіміздегі жылдың қазанына жоспарланған.