– Учаскелік инспекторымыз үйімізге келіп, есік қаққан кезде іштен «Кім?» деп сұрасақ, өзін «Атырау-Жарықтан» келіп тұрмын немесе көршімін деп таныстырып, біз көрмес үшін есіктің саңылауын қолымен жауып тұрады. Кейде есікті дүрсілдете соғып, тұтқасын тартқылап, бүкіл подъезді басына көтере: «Ашыңдар, полиция!» деп айқайлайды. Ұсақ-түйек мәселемен келсе де, ол өзін құдды біз қылмыскер секілді ұстайды. Учаскелік инспектордың осындай мінез-құлық көрсетуіне бола ма? Оның өкілеттігі неде? Менің учаскелік инспекторды пәтеріме кіргізбеуге құқығым бар ма?
azh.kz сайтынан
Сұраққа Атырау облыстық ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Жәнібек ШӘРІПОВ жауап берді:
– Ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру учаскелiк полиция инспекторлары және олардың көмекшiлерiнiң жұмысын ұйымдастыру қызметтерiнiң негiзгi бағыттарын, мақсаттары мен құқықтық ережелерiн, міндеттерін анықтайтын «Полиция учаскелiк инспекторлары мен олардың көмекшілерiнiң жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi тәртiптің» (ҚР ІІМ-нің 2010 жылғы №282 бұйрығы) негізінде жүзеге асырылады. Осы ережеге сәйкес, учаскелiк инспектор қызмет көрсететін әкімшілік учаскеде өз өкілеттігінің шеңберінде өзіне жүктелген міндеттемені орындайтын ішкі істер аумақтық органының негізгі өкілі болып табылады. Оның міндетіне, ең болмағанда, жарты жылда бір рет, лауазымға тағайындалған уақыттан бастап бір ай ішінде әкімшілік учаскенің әрбір пәтерін аралап шығып, алынған ақпаратты учаске төлқұжатына енгізу, жалға берілген пәтерлерде тұратын азаматтардың есебін жүргізу және т.б. кіреді.
ҚР«Мемлекеттік қызметшiлерi-нiң ар-намыс кодексі туралы» заңына сәйкес, ішкі істер орган-дарының қызметкерлері жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс.
Полиция қызметкері азамат-тарға жоғарыда айтылғандай мінез-құлық танытпауы тиіс. Учаскелік инспектор әдепсіз мінез-құлық танытқан және басқа да заңдылықтарды бұзған жағдайда кез келген азамат сенім телефонына шағымдануға құқылы: ІІД кезекші бөлімі – 25-08-94, ішкі қауіпсіздік басқармасы - 98-20-25, кадрлық жұмыстар басқармасы - 98-21-00. Шағым түскен жағдайда қызметтік тексеру жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша тиісті шаралар алынатын болады.