- Сарықамыс-2, Жұлдыз-1, 2, 3 ықшам аудандарын, Химпоселкедегі Говоров, Балықшыдағы 8 Наурыз көшелерін жарықтандыру жұмыстары қай уақытқа жоспарланған? Дамбыға апаратын тас жолдың бойы да түнгі уақытта өте қараңғы, жол бойына жарық қашан жүргізіледі?
Сұраққа қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары Батыржан МҰСАҚАЕВ жауап берді:
- Көше жарығын жүргізу үшін келесідей нысандарға жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, ол «Мемсараптама» мекемесінде қарауда жатыр:
- Жұлдыз ықшам ауданына Атырау-Индер тас жолынан мешітке дейінгі аралыққа;
- Балықшының қиылысынан «Вторчермет» қиылысына дейін 1,4 шақырым аралыққа;
- Курилкино селосынан Дамбы селосының соңғы аялдамасына дейінгі 15 шақырым аралыққа. 2015 жылға қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қалған көшелер жобада қарастырылмаған.