Атырау, 3 қыркүйек 08:14
 дождьВ Атырау +13
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Шекара орны

2 667 рет қаралды

– Қаладан 11 шақырым жерде Талғайраң ауылы бар. Талғайраңнан тағы 11 шақырым жерде «Атырау қаласының шекарасы» белгісі тұр. Алайда жақын маңда елді мекендер жоқ. Бұл белгінің болуы жол полицейлеріне Атырау-Индер тас жолының бойымен сағатына 60 шақырым жылдамдықтан жоғары жүретін жүргізушілерге айыппұл салу құқығын береді. «Атырау қаласының шекарасы» жол белгісін оның нақты шекарасына – Талғайраң ауылына кері орнатуға бола ма?

Телефон арқылы

Сұраққа облыстық прокуратураның бөлім аға прокуроры Мерген МЕҢДІҒАЛИЕВ жауап берді:

– 2012 жылдан бастап аталмыш көлік жолында жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жол белгісі орындалған жол жұмыстары актісінің негізінде орнатылды. Ол сол кезде Атырау қаласынан 1-20-шы шақырым аралығында, 20 шақырым жерде аяқталған болатын. Карта бойынша Атырау қаласының шекарасы көлік жолының 26-шы шақырымына салынған. Жол белгісін Талғайраң ауылына емес, ресми шекараға қайта орнату жол жұмыстарының аяқталу актісі алынғаннан кейін жүргізілетін болады.

10 шілде 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.