Атырау, 23 желтоқсан 09:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Экология

Қаламқас қасымызда Экология

Қаламқас қасымызда

Биыл 13 наурызда Маңғыстау облысының Қаламқас кенішінде ұңғымалардың бірін бұрғылау кезінде газ-су қоспасы атқылады. Ал 22 мамырда су-газ қоспасы (грифон) қайта атқылап, қоршаған ортаға орасан зор зиянын тигізді. Грифонның қаупі қандай және Атырау өңіріндегі мұндай төтенше жағдайдың болу ықтималдылығы қаншалықты жоғары? 3 маусым 2019, 18:00 4 879 рет қаралды
Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен Экология

Шіріген жұмыртқа иісі тек бізде емес екен

«Қазгидромет» Қазақстан қалаларындағы 2018 жылғы ауа сапасының бақылау қорытындысын жариялады. Атмосфераның ластануы жағынан Атырау қаласы екінші орында тұр екен, ал бірінші орын Өскемен қаласына бұйырған. Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында бір жылда 1530 ең жоғарғы және 64 экстремалдық жоғары ластану оқиғасы орын алған болса, мұнайлы астанада бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 1102 және 177-ге жеткен. Батыс пен Шығыс аймақтарын байланыстыратын тағы бір нәрсе – екі қаланың тұрғындары да күкіртсутегімен уланып отыр. 16 сәуір 2019, 17:12 5 963 рет қаралды
Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар Экология

Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар

Өткен аптада жергілікті экология жанаршырлары Жайық жағасынан қосжақтаулы ұлулардың бос бақалшақтарын тауып алып,  өзен органикалық ластанудан тазартатын биосүзгілерден айырылып жатыр деп дабыл қақты. «Бұл жақында болған балықтың қырылуымен байланысты емес пе екен?» деген заңды сұрақ туындайды.  3 сәуір 2019, 16:34 4 574 рет қаралды
Тағы да сасық иіс Экология

Тағы да сасық иіс

«АЖ»-ға белгісіз газдың және шіріген жұмыртқаның иісіне шағымданған Атыраудың бірнеше тұрғыны хабарласты. Олардың айтуынша, 13-14 наурызда экологиялық ахуал нашарлаған. «AЖ» экология департаментінен тексеру жүргізіп, мониторинг станцияларындағы сол тәуліктердің деректерін ұсынуды өтінген еді. Алайда бұл ұсыныс қабыл алынбады. 17 наурыз 2019, 19:47 3 444 рет қаралды
Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз Экология

Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің қатысуымен балықтың жаппай қырылуын тексеруге арналған ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткен болатын. Соның ішінде, билік өзен жағалауын өлі балықтан тазартуға ниет білдірген бастамашыл қала тұрғындарына қолдау білдіріп, ұйымдастыру жағынан көмектесуге әзір. 9 наурыз 2019, 22:46 4 045 рет қаралды
Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой" Экология

Жайықтағы балықтың жаппай қырылуы: "Мүмкін мұнымен ҰҚК айналысып жатқан шығар, біз білмейміз ғой"

Атырау облыстық әкімдігінің жанынан құрылған ведомоствоаралық комиссия әлі күнге дейін өткен жылдың желтоқсанында Жайық өзеніндегі балықтың жаппай қырылу себебін анықтаған жоқ. "АЖ" тілшісі осыған қатысты Астанаға ҚР орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Нариман ЖҮНІСОВКЕ қоңырау шалған еді.  13 қаңтар 2019, 12:59 6 416 рет қаралды
Министр Атырау тұрғынына жауап берді Экология

Министр Атырау тұрғынына жауап берді

Атырау тұрғыны Асқар ҚҰСАЙЫНОВ ҚР Энергетика министрі Қанат БОЗЫМБАЕВТЫҢ (суретте) блогына хат жолдаған еді: «Құрметті Қанат Алдабергенұлы! Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысының жұртшылығы Жайық өзеніндегі балықтардың жаппай қырылып жатқаны жайлы дабыл қағады. Өйткені, Жайық өзені Батыс Қазақстандағы бірден бір тұщы су көзі. Бұрын-соңды болмаған балықтардың жаппай қырылуы табиғи апаттан емес, адам әрекетінен орын алып отыр.  Бұл мұнай мен газ өндіруші компаниялар шоғырланған, сонымен бірге экологиялық зиянды заттар бөлініп жатқан Каспий өңірінде болып жатыр. Тексеру жүргізіп, проблема көзін анықтауды; мұнай өндіруші компанияларға  қоршаған ортаға, әсіресе, су айдындарына зиянды заттар тастауға тыйым салуды; Жайық өзені суының жарамдылығын тексеріп, балық популяциясын қалпына келтіру секілді шаралар алуыңызды өтінемін”. 22 желтоқсан 2018, 00:46 4 995 рет қаралды
Бұл ыстық түбімізге жетеді Экология

Бұл ыстық түбімізге жетеді

Бұл хат «АЖ»-ға көптеген мақалаларымен таныс құрметті авторымыздан келді. Оқырмандар, өздеріңіз танысып шығыңыздар. 2018 жылдың жазында Атырау облысында және Атырау қаласында желсіз экстремалды аптап ыстық көп болды. Күндіз ауа температурасы көлеңкеде 37-420С-ге жетсе, күн көзінде 500С-ден жоғары болды. Көшелердегі асфальт пен кеспе тастар 60-70°C-ге дейін қызды, ал түнде күндізгі қабылдаған ыстық атмосфераға шығады. Ауада оттегі азайып, тыныс алу қиынға соғады. 5 тамыз 2018, 14:35 5 132 рет қаралды
Теңіздегі дабыл-2 Экология

Теңіздегі дабыл-2

Атырау облыстық экология департаменті «АЖ» тілшісіне Теңіз кенішінде орын алған таяудағы оқиғаны растады. Осы мемлекеттік органның мамандары тиісті тексеру жүргізуге кірісті, енді олар атмосфераға күтпеген жерден тасталған ластаушы заттардың мөлшерін анықтауы керек. 26 маусым 2018, 19:32 3 695 рет қаралды
Экологияға әсер етуші ауа райы да болжанады Экология

Экологияға әсер етуші ауа райы да болжанады

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК өз сайтында ауа райымен қатар, 24 қаланың, оның ішінде Атыраудың экологиясы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжамын ұсынады. Біз үшін бұл тақырып өте өзекті, сондықтан «АЖ» Астанадағы РМК бас кеңсесіне суал жолдаған болатын. 30 сәуір 2018, 14:09 4 965 рет қаралды
Біздің экологтар немен айналысуда? Экология

Біздің экологтар немен айналысуда?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВ 30 мамырда ТШО зауытында орын алған оқиғаға комментарий берді. 31 мамыр 2017, 13:15 7 220 рет қаралды
Қоқыстан да ақша жасауға болады Экология

Қоқыстан да ақша жасауға болады

Жеті жасына келгенде ресайклингтен (қайталама кәдеге жарату) өз компаниясын құрған американдық сәби туралы бейнежазбадан кейін екінші сынып оқитын ұлымның да қалдықтарды жинау және қайта өңдеу идеясына құштарлығы артты. Бірақ проблема туындады – мен қайталама шикізатты қабылдайтын бірде-бір нүктені білмейтін едім.  Сурет 20 сәуір 2017, 16:29 11 859 рет қаралды
Әуе жастығындағы кемелер қорықты құртады Экология

Әуе жастығындағы кемелер қорықты құртады

Солтүстік Каспийдің қорықтық аймағына «Қазмұнайгаздың» еншілес компаниясы - «КМG Systems & Services» ЖШС Жолаушылар терминал құрылысын салмақ. Компания әуе жастығындағы кемелермен Солтүстік-Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасынан (әрі қарай - СКЭӘБ) тайыз сулы жермен Қашағанға және кері қарай қызметкерлер мен бірінші қажеттіліктегі жүктерді тасымалдауды жоспарлап отыр. Жұртшылық жобаны мақұлдамады. Алайда тыңдауды өткізілді деп таныды. Сурет 19 қыркүйек 2016, 15:11 4 451 рет қаралды
«Болашақтағы» алау: «Ол үнемі жанып тұрады және зиян келтірмейді» Экология

«Болашақтағы» алау: «Ол үнемі жанып тұрады және зиян келтірмейді»

Жақында біз Қарабатандағы «Болашақ» зауытында жанып тұрған алаудың бейнежазбасын жариялаған едік. «НКОК» компаниясынан жазбаша комментарий келді. «НКОК» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Серік ИДРАНОВ былай деп жазыпты: Бейнежазба 15 қыркүйек 2016, 15:56 4 238 рет қаралды
​Қ.А. Бозымбаевтың блогы. Жолдау Экология

​Қ.А. Бозымбаевтың блогы. Жолдау

Сәлеметсіздер ме! Қазақстанның мұнайлы астанасы Атырау қаласы өте қатты ластануда. Әбден ластанған десе де болады. Бұл қала тұрғындарының денсаулығы мен толыққанды өмір сүруіне кері әсер етуде. Ересектер мен балалар аллергиямен, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, туберкулезбен, қалқанша безі және басқа да аурулармен ауырады. 5 қыркүйек 2016, 12:26 3 979 рет қаралды
Уланған ауада қалқыған хаттар Экология

Уланған ауада қалқыған хаттар

24 тамыз күні түнде Атырау қаласын ылғи да белгісіз болып қала беретін табиғат пайдаланушылар жақтан кезекті рет газ иісі алып кетті. Таңда көптеген тұрғындар редакцияға хабарласып, тұншықтыратын жағымсыз иіске шағымданды. 29 тамыз 2016, 18:07 3 935 рет қаралды
ЕЭА-дағы электр станциясы бойынша қоғамдық тыңдау өтті Экология

ЕЭА-дағы электр станциясы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

Орхусс орталығының конференц-залында Атырау облысындағы «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технобағы» еркін экономикалық аймағының (ЕЭА) инфрақұрылым нысандары құрылысының (Қарабатан мен Теңіз учаскелері) қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жолы әңгіме бір жоба – газ-турбиналық электр станциясының құрылысы туралы айтылды. 26 қазан 2015, 16:36 4 659 рет қаралды
ЕМГ қоғамдық тыңдауы кейінге қалдырылды Экология

ЕМГ қоғамдық тыңдауы кейінге қалдырылды

Өткен жұмада, 16 қазанда, «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) акт залында 2016 жылға арналған табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау басталды. Алайда мұнай өндіруші компания өз жобасын қорғай алмады. Тыңдау өткен жоқ деп танылды. 19 қазан 2015, 10:55 3 831 рет қаралды
Шындықты тек онлайннан табасың Экология

Шындықты тек онлайннан табасың

Сәрсенбіде, 23 қыркүйекте «Ренессанс» қонақ үйінде Солтүстік Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» (NCOCN.V.) 2016 жылғы табиғат қорғау іс-шаралары жоспары бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. 28 қыркүйек 2015, 11:03 5 125 рет қаралды