Атырау, 21 қаңтар 01:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -12
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Шығарынды туралы бейнежазба бойынша тексеру басталды

Бейнежазба
3 898 рет қаралды

Әлеуметтік желілерде шамамен Атырау облысының мұнай кәсіпорындарының біріндегі шығарындыға қатысты бейнежазба пайда болды.

Жазбада үлкен диаметрлі құбырдан ақ-сары газдың будақтап жатқаны көрініп тұр. Көлемді шығарындыға таң қалып, бір-біріне YouTube-ке салуды ұсынған қызметкерлердің дауыстары естіледі.

Біз облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары Асылбек МҰҚАНОВҚА қоңырау шалдық. Оның айтуынша, бұл ТШО-ға ұқсайды екен, бірақ ол мұны растамады. Экология департаментіне жоспардан тыс тексеруді бастауға нұсқау берілді.

Мұның қай уақытта түсірілгені белгісіз. Шығарындының қай уақытта орын алғанын анықтау маңызды. Осы мақсатта біз ТШО-дан технологиялық апаттарды тіркеу журналындағы мәліметтерді сұраттық, - дейді А.Мұқанов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 маусым 2016, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.