Атырау, 21 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Экологияға әсер етуші ауа райы да болжанады

4 824 просмотра

"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет
Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК өз сайтында ауа райымен қатар, 24 қаланың, оның ішінде Атыраудың экологиясы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжамын ұсынады. Біз үшін бұл тақырып өте өзекті, сондықтан «АЖ» Астанадағы РМК бас кеңсесіне суал жолдаған болатын.

«Ауа сапасы көп жағдайда желдің сипатына, атмосфераның ең төменгі қабаттарындағы температураға және жыл мезгіліне байланысты болады. Атмосферада ластаушы заттардың жинақталуына және таралуына келесі үрдістер тән: антициклон - атмосфералық қысымы жоғары аймақ, онда тымықтықтан 7 м/с дейін әлсіз жел болады, жауын-шашын болмайды және қысқы уақытта тұтқыр қабат деп аталатын инверсия жиі пайда болады. Онда ауа температурасы жер қабатына қарағанда жоғары болады. Мұнда ластаушы заттар таралмайды және жинақталмайды, - деп жазған «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі жауабында. - Жазда күндіз топырақ пен ауа максималдық деңгейде қызған кезде, аптап басталады - ауа конвективті көтеріліп, осылайша ластаушы заттар беткі қабаттан жел жылдамдығы күшті және түтін таралатын биіктікке көтеріледі... Осы факторлардың барлығы атмосфераға тасталатын өнеркәсіптік шығарындылар кезінде өте маңызды, сондықтан ҚМЖ болжамы кәсіпорындар үшін қажет, олар осыған сүйене отырып, бұл шығарындыларды реттей алады... Атырау қаласының синоптиктері ҚМЖ болжамын береді және оны ластанудың болжамды деңгейін көрсете отырып, мемлекеттік органдарға жібереді».

Атырау облысының қай кәсіпорны ҚМЖ болжамына тапсырыс бере бастады деген сұраққа баспасөз қызметі бұл болжам сатылмайды, «Қазгидрометтің» сайтында қол жетімді орналасқан деп жауап берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 сәуір 2018, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.