Мұнайдың төгілуі. Фото "АЖ" мұрағатынан.Жылыой аудандық прокуратурасы мониторинг жүргізу барысында мұнайдың бейберекетсіз төгіліп, жер телімдерінің ластану фактілерін анықтады.
Тұрғызба ауылының 12 шақырым жерінде орналасқан «Жалеке» учаскесінің аумағында иесіз ұңғымадан мұнай ағызылып, ластанған жердің көлемі 285 шаршы метрді құраған.
Тағы бір иесіз ұңғыма Шоқпартоғай ауылы аумағындағы «Дюсеке» учаскесінен табылды. Ластанған жер көлемі 250 шаршы метрді құрады. Бұл учаске «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ның келісімшарттық кен орнының аумағында орналасқан.
- Атырау облыстық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясына экологиялық құқық бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс берілді, - дейді Жылыой ауданы прокуратурасының прокуроры Сапар ТҰРСЫНБЕКОВ. - Бүгінгі кезде «Дюсеке» учаскесіндегі төгілген мұнай қалдықтары тазартылып, жерді қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА