Атырау облыстық экология департаменті «АЖ» тілшісіне Теңіз кенішінде орын алған таяудағы оқиғаны растады. Осы мемлекеттік органның мамандары тиісті тексеру жүргізуге кірісті, енді олар атмосфераға күтпеген жерден тасталған ластаушы заттардың мөлшерін анықтауы керек.
- «Теңізшевройл» ЖШС 23 маусымда шамамен сағат 13.12-де Теңіз газ өңдеу зауытында 22LТ22003 деңгейін өлшеуге арналған аспаптың істен шығуы салдарынан КТЛ-2 жүйесінде 4-ші тізбектің 400/500 қондырғысының өндірістік учаскелерінде жабдықтар тоқтады. Жобалау құжаттарында қарастырылған логика мен технологиялық процеске сәйкес, ТШО қызметкерлері мен мердігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында артық газдар алауға жіберілді, - деп хабарлады «АЖ» тілшісіне экология департаментіндегілер.
Компанияның өзі мынадай баспасөз хабарламасын таратты:
«ТШО 23 маусымда КТЛ зауытында орын алған технологиялық іркілістер нәтижесінде атмосфераға газ шығарындысы шығарылғанын растайды. Барлық жедел емес қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша қабылданған рәсімдерге сәйкес қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға нәтижесінде зардап шеккендер жоқ. Біраз уақыт өткен соң, барлық қызметкерлер өз жұмыс орындарына оралып, жұмыстарын жалғастырды. Оқиға туралы барлық тиісті мемлекеттік органдарға хабардар етілді. Бұл жағдайдың түпкілікті себептерін анықтау үшін барлық қажетті шаралар алынатын болады».
Фархат ӘБІЛОВ