Атырау, 21 желтоқсан 07:23
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Болашақтағы» алау: «Ол үнемі жанып тұрады және зиян келтірмейді»

Бейнежазба
4 087 просмотра

Жақында біз Қарабатандағы «Болашақ» зауытында жанып тұрған алаудың бейнежазбасын жариялаған едік. «НКОК» компаниясынан жазбаша комментарий келді. «НКОК» компаниясының мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет және сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Серік ИДРАНОВ былай деп жазыпты:

«“Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысындағы (МмГКДҚ) алау қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі ретінде жобалау талаптарына сай қызмет етуде және қондырғыны пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде жұмыс жасауды жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, сіздерге мынаны хабардар етеміз: шағын мөлшердегі «пилотты» алаудың жануы бүкіл пайдалану мерзімінде қарастырылған. Яғни, тұрақты негізде болып тұрады; алаудың жануы – қауіпсіздік жүйесі қондырғыдағы флюидтер мен газ ағымын реттеу үшін жобалау талаптарына сай жұмыс жасап тұр дегенді білдіреді. Бұл ағымдарды өртемей-ақ реттеу белгілі бір жағдайларда анағұрлым оңтайлы нұсқа болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, «Болашақ» секілді осындай зауытта алауда өртеу стандартты қысым мен көлем болса, ең қауіпсіз әрі сенімді жұмыс әдісі болып табылады. Алауда өртеудің нысандарды іске қосу және пайдалануға беру барысында жүргізілетіндігі айқын. Мұнда кейіннен қондырғы тұрақты жұмыс жасауға жеткен соң газ өртеу жиілігі төмендетіледі.

Қазіргі кезде біз 2013 жылдың қыркүйегінде басталған іске қосу-реттеудің күрделі процестеріне байланысты жұмыстарды және нысандарды тестілеу жұмыстарын жалғастырудамыз. Бұл жұмыстар қазіргі уақытта күкіртсіздендірілген отын газын қолданумен ғана жүргізілуде. Мұндай жұмыстардың бір мысалы – ол алауда газ өртеумен өткізілетін ағымдағы аптада жоспарланған сынамалық тестілеу жұмысы болып табылады.

«Болашақ» зауытының алауында өртеу қауіпсіздігі туралы мәселелерге келер болсақ, мынаны хабарлаймыз: бұл мәселені қазақстандық және халықаралық сарапшылар егжей-тегжей зерттеп анықтады және соңғы Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) материалдарында бейнеленді. Бұл қоғамдық тыңдау тақырыбы болды және 2016 жылы мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды. ҚОӘБ жобасында штаттық операциялар кезінде (алауда өртеуді қосқанда) «Болашақ» МмГКДҚ шығарындыларының жақын маңдағы поселке тұрғындарының, оған қоса, шалғай жерлердегі, мәселен, Атырау қаласы тұрғындарының денсаулығына қауіп төндірмейтіндігі анықталды. «Болашақ» зауыты мен 7 км радиустағы санитарлық-қорғау аймағы (СҚА) ықтимал жел мен ауа райы жағдайына қарамастан ауаға тасталатын шығарындылар СҚА-дан тысқары рұқсат етілген концентрация шегінде қалатындай етіп жобаланған.

СҚА жоспардан тыс өртеу кезінде де жоғары қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етеді.

Жоғарыда айтылғандарға мысал ретінде, 2013 жылы қыркүйекте орын алған құбырдағы жарылыс нәтижесінде мұнай өндірудің тоқтатылғандығын айтуға болады. Бұл зауыттағы сұйықтықтар мен газ ағымын реттеу үшін газды «Болашақ» алауында өртеуге әкеп соқты. Алайда, тіпті мұндай төтенше жағдайлар кезінде де СҚА мен жақын маңдағы поселкелердің шекарасындағы ауа сапасының мониторинг нәтижелері атмосфераға тасталатын шығарындылар рұқсат етілген шекті концентрациядан төмен екендігін көрсетті. Мұны 2013 жылғы ауа сапасының мониторингі мәліметтерімен растауға болады».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 қыркүйек 2016, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.