Атырауда 29 тамыз күні таңда тыныс алу қиын болды. «АЖ» облыстық экология департаментіне тексеру жүргізу туралы өтінішпен кезекті рет ресми сауал жолдады.
Департамент 29 тамыз күні таңда күкіртсутегі бойынша шекті рұқсат етілген шығарындылардың артуын «АМӨЗ» ЖШС-нің ауа сапасын бақылайтын төрт станциясының үшеуі және НКОК компаниясының барлық алты станциясы тіркеген деп жауап берді. Ең жоғары көрсеткіштер халық тығыз орналасқан Авангард пен Жилгородоктағы станцияларда таңғы сеғат 8-де тіркелген (16,01 және 13,6 есе артқан). Ауаны кімнің бүлдіргені бұрынғысынша белгісіз болып қалып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ