Атырау, 21 желтоқсан 07:04
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Тағы да сасық иіс

3 305 просмотра


«АЖ»-ға белгісіз газдың және шіріген жұмыртқаның иісіне шағымданған Атыраудың бірнеше тұрғыны хабарласты. Олардың айтуынша, 13-14 наурызда экологиялық ахуал нашарлаған. «AЖ» экология департаментінен тексеру жүргізіп, мониторинг станцияларындағы сол тәуліктердің деректерін ұсынуды өтінген еді. Алайда бұл ұсыныс қабыл алынбады.

Ал Air.kz мобильдік қосымшасының мәліметтері бойынша, 13 наурыз күні сағат 8-де Владимирский көшесінде орналасқан №5 атмосфералық ауаның ластануын бақылау бекеті 0,11 мг/м3 деңгейінде күкіртсутек концентрациясын тіркеді. Бұл рұқсат етілген концентрациядан жоғары. Бұл туралы да «АЖ» редакция сауалымен департаментке хабардар еткен еді. Алайда, Атырау облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Қайратқали ХАЙРОЛЛА бұл фактіні анықтаудан бас тартты.

Өзінің жауабында ол былай деп жазады: «ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жоспардан тыс тексеруге нақты кәсiпкерлiк субъектiлерiне және объектілеріне қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексерудi тағайындауға негiз болған фактiлер мен мән-жайлар жатады. Қазіргі уақытта облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің 2019 жылға бекіткен кестесі бойынша Атырауда атмосфералық ауаға мониторинг жүргізіледі. Қорытындысы бойынша әлеуетті ластаушы көздер анықталып, құқық бұзушыларға қатысты шаралар алынады. Бекеттер бойынша атмосфералық ауаның ластану мониторингін «Қазгидромет» РМК филиалы жүзеге асырады. Сондықтан сізге сол жерге жүгінген жөн».

Айта кету керек, экология департаментінің бұрынғы басшылығы баспасөздің сұранысы бойынша мониторинг деректерін «Қазгидрометке» сілтемей-ақ, ұсынатын еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 наурыз 2019, 19:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.