Атырау, 21 желтоқсан 07:34
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Газды «Теңізшевройл» өртеген, зиян мөлшері анықталуда

Бейнежазба
4 303 просмотра


Алауларда газ өртеу фактісін тексеруге экологтардың бір ай уақыты кетті.

Естеріңізге салсақ, 5 қаңтарда «АЖ» сайтында әлдебір кәсіпорынның алау шаруашылығында қою түтін будақтап жатқаны туралы бейнежазба жарияланған болатын. Роликтің авторы оның Теңіз кенішінде екенін растады.

Біз Атырау облыстық экология департаментіне шығарындылардың қайда және қашан тасталғаны және ҚР экологиялық заңнамасын бұзушы қандай жаза алғаны туралы жауап беру өтінішімен шыққан едік.

3 ақпанда облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Қанат ҚАЛМАХАН жауап берді: «“Теңізшевройл” ЖШС компаниясын тексеру кезінде КТЛ алау қондырғысына 33 млн 393 мың текше метр көлемдегі құрғақ газ өртеу фактісі анықталды.

Алауларда аталмыш газ көлемін өртеу кезінде шығарылған ластаушы заттар шығарындылары атмосфераға тастауға шекті рұқсат етілген шығарындылар нормативінде және «Теңізшевройл» ЖШС-ға берілген экологиялық рұқсатта қарастырылмаған. Қазіргі кезде ТШО-ға қатысты әкімшілік өндіріс қозғалды, қоршаған ортаға тигізілген зиянды экономикалық бағалау әзірленуде».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 ақпан 2017, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.