Сәлеметсіздер ме!
Қазақстанның мұнайлы астанасы Атырау қаласы өте қатты ластануда. Әбден ластанған десе де болады. Бұл қала тұрғындарының денсаулығы мен толыққанды өмір сүруіне кері әсер етуде. Ересектер мен балалар аллергиямен, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, туберкулезбен, қалқанша безі және басқа да аурулармен ауырады. Адам кейде ұйықтап кетіп, кейде отырған жерінен өліп кетіп жатқанын жиі естиміз және көреміз. АМӨЗ зауыты «Сасық сай» атанып кеткен жерді 1945 жылдан бері пайдаланып отыр!!! Онда бүкіл қалдықтар 70 жыл бойы ағылуда. Одан бөлек, қала ішінде кәсіпорындар мен зауыттар көп. Аққыстау поселкесіне бара жатқан жолда беті ашық жатқан канализация қалдықтарының үлкен көлі бар. Қалада тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған контейнерлер жетіспейді, уақытында жиналмайды, бәрі шіріп жатыр, иіс мүңкіп тұр. Менің үйімнің алдындағы контейнерлерге қарап соған көз жеткізуге болады. Мен контейнерлердің жетіспейтініне шағымданғанмын, содан бізге жеке тұрғын үйлер орналасқан көршілес көшеден екі контейнер алып келді. Енді ол үйлердің тұрғындары қалдықтарды жерге төгуде... Мен өзім экологтардан гөрі ҚР ҰҒА академигі Мұфтах Диаровқа және «Ақ Жайық» газетіне сенемін. Өйткені экологтар көп жылдар бойы кінәлілерді анықтай алмай келеді. Егер анықтаса, айыппұл салады. Бұл айыппұлдардан бізге ешқандай пайда жоқ. Бұл айыппұлдардан соң бізге қиын болуда, денсаулығымыз бен қаланың экологиялық жағдайын айтып отырмын. Түнде тек бетіңді ылғал шүберекпен жауып ұйықтауға болады. Шырышты теріміз үнемі қасына бергеннен жара болды. Менде және екі баламда аллергия бар. Менің және менің кіші ұлымда оған қоса артрит, анемия, зоб және т.б. бар. Бұл барлық аурулар су сапасының нашарлығынан, аллергиядан және ауаның ластануынан шығып отыр. Стационарда ем алуға қол жеткізу қиын, себептердің бірі – орынның жетіспеуі. 25.08.16 күні кешке қаланы қою қара түтін жапты. Қайдан келгенін білмеймін, бірақ мұндай құбылыс бізде үнемі болып тұрады! Бұл кімнің тұрбалары екенін білмеймін, әсіресе алыста тұрған үш жолақты тұрбалар жақтан көрінеді. Ал 26 тамызда сондай улы өткір иіс шықты, сол кезде Атырау қаласы түгелімен қырылып қалатын болар деген қорқыныш пайда болды.
«Газ шабуылы: Авангард пен Жилгородокта қатты білінді» мақаласына орай жазылған комментарий