Атырауда газ шабуылдарының себебі анықталды, бұл - Сасықсай булану алаңы. Өткен жылы 28 сәуірде «Вест Ойл» бақылау станциясы улы газдың ең жоғарғы концентрация көрсеткішін тіркеді. Ол ШРК-дан 133 есе көп.
Өскеменде мұндай көрсеткіш 23 ақпан күні тіркелген, яғни, 126 ШРК-ға жеткен.
Көбіне Қабанбай батыр және Питерские коммунары көшелеріндегі өскемендіктер шіріген жұмыртқаның иісі шығады деп шағымданады. Әйтсе де, сол жердегі билік оның себебін әлі күнге дейін анықтамаған. Күкіртсутегі – металлургиялық газ емес деп уәж айтқан «Казцинк» және «Май» акционерлік қоғамындағылар бұған еш қатысымыз жоқ деп отыр. «Май» АҚ-қа салынған миллиондаған экологиялық айыппұлды сот алып тастады.