Атырау, 21 желтоқсан 07:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз

3 803 просмотра


Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің қатысуымен балықтың жаппай қырылуын тексеруге арналған ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткен болатын. Соның ішінде, билік өзен жағалауын өлі балықтан тазартуға ниет білдірген бастамашыл қала тұрғындарына қолдау білдіріп, ұйымдастыру жағынан көмектесуге әзір.

Мәжіліс барысында мәлім болғанындай, екі күн ішінде арнаулы автобаза, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі, балық шаруашылығы басқармаларының қызметкерлерімен жарты тоннаға жуық (493 кг.) өлі балық жиналып, актіленген соң, жойылды. Мамандардың айтуынша, шара кезінде алынған барлық мәліметтер құқық қорғау органдарына тапсырылып,  аталмыш факті бойынша бұдан бұрын көтерілген қылмыстық іске қосылады екен.

- «Амангелді» балық кооперативінің кемесі Дамбы мен Темір жол көпірі аралығындағы өзен бетіндегі мұзды жарып шықты, - деп мәлімдеді Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур СӘДІБЕКҰЛЫ. - Бұдан әрі  табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың өзенде пайдаланатын техникасымен бүкіл өзеннің бойындағы өлі балық жиналады.

Серік Шапкенов жиналғандарға атап өткеніндей, ведомствоаралық комиссия бірқатар жұмыс атқарып, болған оқиғаның себеп-салдарына жіті қадағалау жүргізіп жатыр екен.

– Әртүрлі арандатушылыққа және астыртын түрде кедергі келтірушілерге жол бермеуіміз керек. Қазіргі уақытта тергеу құпиялылығын сақтау мақсатында кейбір жәйттарды жария ете алмаймыз. Ең бастысы, не болғанын хабарлау емес, Жайықты құтқару. Осыны естен шығармайық.  Жағдай облыстағы барлық құзырлы органдардың және аймақ басшылығының назарында, - деді Шапкенов мырза.

А. Сәдібекұлы хабарлағанындай, өзен жағалауын өлі балықтан тазарту үшін мамандарға көмектесуге қоғамдағы белсенді азаматтардан бастамашыл топ құрылыпты. - Бұл өте орынды бастама екен, оларға қолдау көрсетуіміз керек. Бірақ, ең алдымен, қауіпсіздік жағдайын да естен шығармаған абзал. Жағалауда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері кезекшілік етіп, мамандар балықты өзеннен жинауы керек, ал еріктілер жағалауды, қауіпсіз аймақты тазартқаны дұрыс, - деді Шапкенов. 

Мәжіліс қорытындысымен 10 наурызда өзенді өлі балықтан тазартуға шыққан адамдардың сағат 10. 00-де жиналуы үшін  4 орын белгіленді. 

1-інші орын: айналма көпірден бұрынғы АХАЖ (ЗАГС) көпіріне дейінгі аралық (координаторы Әйгерім Досқалиева, тел. нөмірі: 8775 454 0490); 

2-інші орын: АХАЖ көпірінен Әлиев көпіріне дейінгі аралық (координаторы Шынар Ізтелеуова, тел. нөмірі: 87017812968) ; 

3-інші орын: Х. Досмұхамедов атындағы университеттен Жилгородок ықшамауданы маңындағы көпір аралығы (координаторы Сара Жұмақұлова, тел. нөмірі: 8701 4343998); 

4-інші орын: Жилгородок ықшамауданы көпірі маңынан Балықшы ықшамауданына дейінгі аралық (координаторы Мейрамгүл Есниязова, тел. нөмірі: 8775 0288336). 


Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, барлық жерлерде де Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, «Арнайы автобаза» ЖШС мамандарының кезекші қосындары қызмет көрсетіп, өзенді тазалау үшін техникамен, құрал- жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

9 наурыз 2019, 22:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.