Атырау, 21 желтоқсан 06:58
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Жайықтағы ұлулардың да жағдайы нашар

4 402 просмотра


Өткен аптада жергілікті экология жанаршырлары Жайық жағасынан қосжақтаулы ұлулардың бос бақалшақтарын тауып алып,  өзен органикалық ластанудан тазартатын биосүзгілерден айырылып жатыр деп дабыл қақты. «Бұл жақында болған балықтың қырылуымен байланысты емес пе екен?» деген заңды сұрақ туындайды. 

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми өкілі Сәкен ДІЛДАХМЕТТІҢ хабарлауынша, бақалшақтардың көп мөлшерде жағада жатуын мамандар зерттеп жатыр. 

- 31 наурызда жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен ведомствоаралық комиссия мүшелері Жайықтың Көкарна ауылы маңындағы жағасын тексеріп,  шамамен 170 метрдей жағалау бойынан бос бақалшақтар табылды, - деді С.Ділдахмет. - Қызметкерлеріміз оларды жағалаудан жинады. Су сынамасы алынып, зертханаға тапсырылды, оның ішінде гидрохимиялық талдау да бар. Бұдан басқа, бірнеше бақалшақ бұрын қозғалған қылмыстық іс шеңберінде токсикологиялық сараптама жүргізу үшін Атырау облысының полиция департаментіне  берілді.

Комитеттің мәліметі бойынша, өзеннің басқа учаскелерінде бос бос бақалшақтар табылмаған (жақында "АЖ" тілшісі Әлиев-Сатыбалдиев көпірінің жағасында олардың шамамен жүздеген данасын байқаған болатын).

Жайықта тұщы суда кездесетін ірі қосжақтаулы ұлулардың ішінде Unio тұқымдас перловицы деген түрі және  Anodonta тұқымдас тіссіз ұлулар мекендейді. Олардың су түбінде қозғалу жылдамдығы сағатына 20-30 см-ден аспайды.

Фархат Әбілов

Суретті түсірген автор

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ: 
Қосжақтаулы ұлулар – жер шарында кеңінен таралған омыртқасыздар санатына жатады және тұщы және тұзды суда тіршілік етеді. Олардың көпшілігі бентос ағзалы және су түбіндегі шөгінділерге немесе су асты заттарына жабысып өмір сүреді. Қосжақтаулы ұлулар су айдындарын органикалық ластанудан тазартатын биофильтраторлар ретінде әрекет етеді. Сонымен қатар, олар ауыр металдарды жұтып, өз денесінде жинақтап, су қоймаларын химиялық ластанудан тазартуға ықпал етеді. Органикалық бөлшектер мен ұсақ планктондармен қоректенеді.

3 сәуір 2019, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.