Атырау, 5 желтоқсан 08:36
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АМӨЗ-ге енді сасық иіс шықпасын деп ескертті

3 775 рет қаралды

Экология департаменті «АЖ»-ға осы жылдың жазында күкіртсутектің таралу фактілері бойынша АМӨЗ-ге жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындыларын хабарлады.

Атырау облысының экология бойынша бас мемлекеттік инспекторы Қанат ҚАЛМАХАННЫҢ қолы қойылған құжатта былай делінген: «Тексеру барысында ауа сапасын бақылайтын “Пропарка" станциясының мәліметтері талданды. Атырауда 28 шілдеден 31 шілдеге дейін шекті-рұқсат етілген концентрацияның күкіртсутек бойынша 2 еседен 38 есеге дейін артуы (шығыс, солтүстік-шығыс бағыттағы жел соққанда) тіркелгендігі анықталды. Сонымен бірге, дәл осындай ШРК-нің күкіртсутек бойынша артуы 19-20 қазан күндері тіркелген. ШРК артуы кезінде желдің бағыты «АМӨЗ» ЖШС-нің булану алаңына қарай соққан болатын. Жоғарыда аталған заңбұзушылықтар үшін «АМӨЗ» ЖШС-нің жауапты қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. АМӨЗ-ге ҚР-дың экологиялық заңнамасын бұзу фактілерін жою қажеттігі туралы ұйғарым берілді».

– Ақшалай айыппұл туралы айтып отырсыз ба? – деп сұрадым мен Қ.Қалмаханннан.

Жоқ, айыппұл болған жоқ. Біз тек зауыт басшылығына ескерту бердік, себебі, залал болған жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

24 қараша 2016, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.