Атырау, 21 желтоқсан 09:07
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы Оқиға

Заң бұзушылықтар хроникасы

22 мамырда күндіз 102 пультіне ер адам қоңырау шалып, Жайықтағы көпірден секіріп өз-өзіне қол жұмсайтынын хабарлады. Полиция тексеріп, оның мас адамның қалжыңы екенін анықтады. Оның «авторына» - Атырау қаласының 33 жастағы тұрғынына қатысты - ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-тармағы (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. 28 мамыр 2021, 16:06 3 843 рет қаралды
Cот хроникасы Оқиға

Cот хроникасы

Құрманғазы аудандық соты Б.С.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағы бойынша («Тыйым салынған мерзімдерде, тыйым салынған құралдармен балық аулау қағидаларын өрескел бұзу») әкімшілік істі қарады. Сот оның биыл наурыз айында Қиғашта тыйым салынған «экран» құралымен балық аулағанын анықтап, 40 838 теңге көлемінде айыппұл салды. Құрал тәркіленіп, жойылды. 27 сәуір 2021, 11:39 3 721 рет қаралды
Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды Оқиға

Атырау тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық табылды

Бүгін, 15 сәуір  сағат 11:30 шамасында  Атырау облысы ПД Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Бекіре-2021" жедел-профилактикалық  іс-шарасы аясында өткізілген арнайы операция нәтижесінде Атырау қаласының тұрғынының үйінен 1 тоннаға жуық (247 дана) бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.  15 сәуір 2021, 22:39 4 625 рет қаралды
Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды Оқиға

Атырау тұрғыны құны 50 миллион болатын есірткімен ұсталды

29 наурызда Атырау облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Бейнежазба 31 наурыз 2021, 13:50 3 434 рет қаралды
Курьер емес, қылмыскерге айналды Оқиға

Курьер емес, қылмыскерге айналды

Атырау облысының полиция департаментінің қызметкерлері есірткілік заттарды насихаттаған екі күдіктіні ұстады. Олар тиісті сайттардан алынған синтетикалық есірткі жарнамаларын тұрғын үйлердің қабырғалары мен подъездерге жазып қалдырған. 2 ақпан 2021, 16:01 2 674 рет қаралды
Фитнес орталығына келушілерден ақша ұрлаған Оқиға

Фитнес орталығына келушілерден ақша ұрлаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4-15 қаңтар аралығында Қ.Сәтпаев көшесінде орналасқан фитнес-орталыққа келушілерден киім ауыстыратын бөлмедегі киімдерінен барлығы 159 мың теңге ақшаның ұрланғаны туралы бес шағым келіп түскен. 27 қаңтар 2021, 16:37 3 706 рет қаралды
Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен Оқиға

Мазақ етем деп қорқытып, ақша талап еткен

51 жастағы Атырау қаласының тұрғыны өзінің бір танысы 50 мың теңге талап етіп, бопсалап жүргені туралы полицияға арызданады. Егер ақша бермесе, әлеуметтік желіге оның ұятты бейнежазбасын таратып жіберемін деп қорқытқан екен. 26 қаңтар 2021, 09:43 3 285 рет қаралды
Қарақшы кеңседе күзет пен бейнебақылау жүйесі жоқ екенін білген Оқиға

Қарақшы кеңседе күзет пен бейнебақылау жүйесі жоқ екенін білген

Атырауда Привокзальный-5 ықшам ауданында микронесие беретін ұйымның кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды. Қызметкерді пышақпен қорқытқан қаскөй 100 мың теңгедей ақшаны алып, бой тасалайды. Бірақ көп ұзамай оны полиция анықтап, ұстады. 21 қаңтар 2021, 20:51 4 140 рет қаралды
Көршінің итін айырмен өлтірген Атырау тұрғыны сот үкіміне шағым түсірді Оқиға

Көршінің итін айырмен өлтірген Атырау тұрғыны сот үкіміне шағым түсірді

15 қазанда №2 сот көршісінің итіне айыр шаншып өлтірген Атырау тұрғынына қатысты үкімнің күшін жою туралы қаулы шығарды. Айыпталушы қолданылған жазамен келіспей, сот үкімінеп шағым түсірді. 21 қазан 2020, 09:21 3 155 рет қаралды
​​Нәрестенің өліміне қатысты іс: әрі қарай ұрлық, пара және алаяқтық туралы Оқиға

​​Нәрестенің өліміне қатысты іс: әрі қарай ұрлық, пара және алаяқтық туралы

Екі отырыста да жәбірленуші Нұржамал ТҰРЫМБЕТОВАНЫҢ сәбиінің алғашқысы Оралда және екінші рет комиссия құрып (бірнеше мамандардан құрылған) Қарағандыда  сот-медициналық сараптама жүргізген сарапшылардан жауап алынды. Олардың барлығы сотқа бейнеконференция арқылы қатысты. 15 қазан 2020, 15:49 3 677 рет қаралды
Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: сол аудиожазбада не болды Оқиға

Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: сол аудиожазбада не болды

Атырауда жалғасып жатқан «нәрестенің өліміне қатысты іс» бойынша сот процесінде Жемқорлыққа қарсы іс-әрекет департаментінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобын басқарған аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Асқарбек ЕРМҰҚАШЕВТАН куә ретінде жауап алынды. 2 қыркүйек 2020, 09:53 4 759 рет қаралды
Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған Оқиға

Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған

24 тамызда 44 жастағы Өзбекстан азаматы полицияға бопсалау туралы шағыммен жүгінді. Сол күні екі ер адам оған күш қолданып, өздерімен бірге алып жүрген. Брақ кейін 500 мың теңге ақша әкелуді талап етіп, босатқан. Бейнежазба 2 қыркүйек 2020, 17:32 3 464 рет қаралды
Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: сараптамаға қатысты көп сұрақ қойылды Оқиға

Нәрестенің өліміне қатысты сот ісі: сараптамаға қатысты көп сұрақ қойылды

Кезекті сот отырысында Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Мейрамбек СИПУЛЛАЕВТАН жауап алу жалғасты. Одан басқа, куәгерлер ретінде Атырау ҚПБ тергеу бөлімі бастығының орынбасары Әділхан ОРАЗБАЕВ пен 2019 жылдың 23 қазанында құрылған ведомствоаралық тергеу-жедел тобын басқарған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Асқарбек ЕРМҰҚАШЕВ шақырылды. Сурет Бейнежазба 30 тамыз 2020, 13:50 4 239 рет қаралды
Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді Оқиға

Мектеп директоры пара алды деген күдікке ілінді

20 тамызда Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Жылыой ауданындағы мектептердің бірінің директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. 22 тамыз 2020, 12:25 4 204 рет қаралды
​Ауласы қара сорадан жайқалып тұр Оқиға

​Ауласы қара сорадан жайқалып тұр

«Қара сора» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қала маңындағы Еркінқала ауылы тұрғынының ауласынан 1898 түп қара сора өсімдігін тапты. Сонымен қатар, бір килограмнан астам марихуана тәркіленді. 19 тамыз 2020, 12:13 3 777 рет қаралды
«Синтетикалық» есірткі мен трамадолдың саудасы қызып тұр Оқиға

«Синтетикалық» есірткі мен трамадолдың саудасы қызып тұр

«Дәрмек» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау облысы ПД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 5 деректі анықтады. Атап айтсақ, Мақат ауданының тұрғынына қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 11 тамыз 2020, 11:09 4 388 рет қаралды
Оралда "Гарант 24 Ломбард" менеджері ұсталды Оқиға

Оралда "Гарант 24 Ломбард" менеджері ұсталды

Оралда алаяқтық жасады деп күдіктелген «Гарант 24 Ломбард» ЖШС менеджері ұсталды. Оған ақпан айынан бастап «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту деректері бойынша іздеу жарияланған болатын. 10 тамыз 2020, 14:35 3 012 рет қаралды
Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды Оқиға

Мемлекеттік қызмет пен жеке бизнесті шатастырып алды

16 шілдеде №2 қалалық сот Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысына үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, маусымның басында ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. 18 шілде 2020, 14:19 3 324 рет қаралды
Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды Оқиға

Браконьерлікпен күресушінің ісі тез арада сотқа жолданды

17 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Атырау облыстық ПД су полициясының бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, сотқа жолданғанын хабарлады. ҚР ҚПК 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің жеделдетілген тәртіппен аяқталғаны нақтыланады. 18 шілде 2020, 15:47 3 600 рет қаралды
Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары ешнәрседен жиренбеді Оқиға

Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары ешнәрседен жиренбеді

Құрманғазы аудандық соты аудан әкімінің орынбасары Үркен ТӘЖІБАЕВҚА қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚР ҚК-нің бірден үш бабы бойынша айыпталды - 361 (лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану), 364 (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) және 190 (Алаяқтық). 9 шілде 2020, 21:39 5 497 рет қаралды
Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты Оқиға

Еден жуып, мерзімінен бұрын бостандыққа шықты

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 түзеу колониясында жазасын өтеп жатқан Р. есімді азамат тәртібі мен еңбегі үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шықты.  4 шілде 2020, 12:20 4 530 рет қаралды