Атырау, 26 сәуір 17:13
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оқиғалар хроникасы

3 143 просмотра

10 ақпанға қараған түні Атырауда 102 пультіне Атырау қаласының 36 жастағы тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Оған белгісіз мас адам WhatsApp арқылы әлденеше рет видео қоңырау шалып, өзінің жыныс мүшесін көрсетеді екен. 

Тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының 25 жастағы тұрғыны мас күйде әріптесінің телефонынан бейтаныс контактілерге қоңырау шалып, осылайша, «бұзақылық» жасаған. 

Ұсталған соң ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 7 тәулікке қамауға алды.

***

15 ақпанда «Мигрант» іс-шарасы кезінде Жылыой ауданының АПБ қызметкерлері заңсыз еңбек етуге тартылған Өзбекстанның 27 азаматын анықтады.

ПД хабарлауынша, тексеру кезінде олардың Құлсары қаласындағы құрылыс алаңдарында жұмыс істегені және олардың жергілікті атқарушы органнан рұқсаты болмағаны белгілі болды. ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-тармағы («Шетелдiктiң жұмысқа орналасуға рұқсат алмастан ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы») бойынша әкімшілік іс қозғалды.

***

«Жасөспірім» шарасы нәтижесінде кәмелетке толмаған 79 жасөспірім полицияға жеткізілді. Бұдан басқа, 82 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды.

Атап айтқанда, екі студенттің жастар төбелесінен соң аудандық ауруханалардың біріне жеткізілгені, ал оларды тексерген медицина қызметкерінің бұл туралы полицияға хабарламағаны анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 127-1 бабы бойынша («Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау») медикке қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Онда 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

***

Бұдан басқа, бала тәрбиесімен айналыспаған және олардың көзінше ішімдік ішкен сол ауданның 38 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жалпы, шара барысында инспекторлар аз қамтылған 45 отбасын тексерді. Кәмелетке толмаған 11 жасөспірім және  қолайсыз 7 отбасы есепке алынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

17 ақпан 2021, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.