Атырау, 14 қазан 12:40
 дождьВ Атырау +18.8
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Құпия келісім: Астана мен Атыраудағы екі компания бюджетке миллиондаған теңге қайтарды

117 рет қаралды

Атырау облысы мен Астана қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменттері автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты мемлекеттік сатып алу саласында бірлескен тергеп-тексеруді аяқтады. Тексеру нәтижесінде мердігер мекемелер арасында заңсыз картельдік келісім жасалғаны анықталды.

Агенттік мамандарының мәліметінше, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұйымдастырған мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан «Бірлік Жол Строй» ЖШС мен «NNC Group» ЖШС өзара келісіп алып, тендер бағасын бұрмалаған.

Анықталған заңбұзушылық бойынша сот тиісті шешім қабылдады:

  • «NNC Group» ЖШС-не 92 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, мемлекет кірісіне 403 миллион теңгеден астам монополиялық табысы өндірілді. Компания бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым түсіргенімен, сот оны қанағаттандырусыз қалдырды.

  • «Бірлік Жол Строй» ЖШС-не тапқан табысының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл салынып, монополиялық кірісі тәркіленді. Кәсіпорын бұл айыппұлды толық көлемде төледі.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу кезінде бәсекелестікті шектеген екі компания да заң алдында жауап беріп, заңсыз тапқан табыстары мен айыппұлдарды бюджетке қайтарды.

Бүгін, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.