
Қазақстан Үкіметі мемлекеттік шығындарға ауқымды ревизия жүргізді. Алдағы кезеңге арналған бюджетті қалыптастыру барысында мемлекеттік органдардың сұраныстары 6,7 триллион теңгеге қысқартылды.
Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Құрылтай отырысында депутаттардың сауалдарына жауап беру кезінде мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, мемлекеттік шығындарды қатаң оңтайландыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
«Егер бізге 36,9 трлн теңгеге өтінімдер келіп түссе, 2027 жылға арналған шығыстар 30,2 трлн теңге көлемінде бекітілді. Яғни, бюджетті қарау барысында шығыс бөлігін 6,7 трлн теңгеге қысқарттық», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, 2026 жылы бюджетті түзету есебінен ғана Үкімет екінші кезектегі шығыс баптарынан 360 миллиард теңгені басым бағыттарға қайта бөлген.
Мемлекет қаражатты қай бағыттарда үнемдейді?
Құрылысқа мораторий: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде мемлекеттік органдарға арналған жаңа әкімшілік ғимараттардың құрылысын жүргізуге қатаң тыйым салу шарасы әлі де күшінде. Бұл бюджет қаражатын едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді.
Басым бағыттарды қаржыландыру: Үнемделген қаражат ең өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады.
В Атырау +18.8