Атырау, 14 қазан 13:12
 дождьВ Атырау +18.8
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Алматыдағы мектепте 48 оқушы уланып, асхана жұмысы тоқтатылды

72 рет қаралды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) оқушылары жаппай улануына байланысты жүргізілген жедел тексерудің нәтижелерін жариялады. Зардап шеккен балалардың саны 48-ге жетті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, сырқаттанған 48 оқушының барлығы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Жансақтау бөлімінде жатқан науқастар жоқ. Балалардың бір бөлігі алдын алу мақсатында мектеп-интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Асханадан қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Эпидемиологтар мектептің тамақтану блогын тексерді. Онда тамақтандыруды ұйымдастыруға «Master Food» ЖШС жауапты болған. Тексеру барысында бірқатар өрескел заңбұзушылық анықталды:

  • Азық-түлікті сақтау талаптары мен тамақтандыруды ұйымдастыру тәртібінің бұзылуы;

  • Дайын тағамдардан тәуліктік сынамалар алу тәртібінің сақталмауы;

  • Қажетті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдерін сату.

Мамандар су мен дайын тағамдардан сынамалар алып, түрлі беттерден шайындылар жинады. Сондай-ақ асхана қызметкерлерінің барлығы тексерілді. Зертханалық зерттеулер әлі жалғасып жатыр.

Қандай шаралар қабылданды?

Санитариялық дәрігерлер бес ресми қаулы шығарды. Оларға сәйкес:

  • Мектеп пен оның асханасының қызметі толық тоқтатылды;

  • Мектеп-интернат ғимаратында толық дезинфекция жүргізілді;

  • Құжаттары жоқ, күмән тудырған сүт өнімдері тәркіленді.

Бұдан бөлек, эпидемиологиялық тексеру материалдары тиісті процестік шешім қабылдау және кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлерге мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық қағидаларды қатаң сақтау қажеттігін тағы да ескертті. Жағдай министрлік басшылығының жеке бақылауында.

Бүгін, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.