Атырау, 29 наурыз 13:34
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Көршінің итін айырмен өлтірген Атырау тұрғыны сот үкіміне шағым түсірді

2 960 просмотра

15 қазанда №2 сот көршісінің итіне айыр шаншып өлтірген Атырау тұрғынына қатысты үкімнің күшін жою туралы қаулы шығарды. Айыпталушы қолданылған жазамен келіспей, сот үкіміне шағым түсірді.

Осыдан бұрын, 8 қазанда, сот оны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады,

Жәбірленуші - иттің иесі Анатолий ЕРАЧИННІҢ азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды. Сот оның пайдасына 900 мың теңге көлемінде материалдық залал өндірді.

Қазір қылмыстық іс анықтау жүргізу үшін полицияға кері қайтарылды, енді ол сотта прокурордың қатысуымен қаралады.

Ал өлген иттің иесі қылмыстық іс дұрыс сараланбаған деп отыр.

Оның айтуынша, полиция көршінің жеке аумағына заңсыз басып кіру фактісін назарға алған жоқ, бұл ҚР ҚК 149-бабы («Тұрғын жайға қол сұғылмаушылықты бұзу»).

Енді Ерачин прокуратураға шағым берейін деп отыр. Ол осы бапты сотқа дейінгі тергеу барысында қолдануды талап етеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жантүршігерлік оқиға 29 қыркүйекте Маслопром маңындағы Дулатов көшесінде болған. Ер адам балалардың көзінше көршісінің итіне айыр шаншып,  аяусыз өлтіріп тастады. Ал ит сол кезде өз ауласында шынжырлаулы тұрды.

Айнұр САПАРОВА 

Анатолий Ерачин ұынған сурет

21 қазан 2020, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.