Атырау, 29 наурыз 15:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Итті қорлап өтіргені үшін – 55 мың теңге айыппұл

3 490 просмотра

8 қазанда №2 сотта 29 қыркүйекте көршісінің итін айырмен шаншып өлтірген Атырау тұрғынына үкім шықты.

- Сот оны ҚР ҚК 316-бабының 1-бөлігі («Жас балалардың көз алдында жануарлардың өліміне әкеп соққан қатыгездік жасау») бойынша кінәлі деп танып, 20 АЕК (55 560 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындады, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінде ер адам өз кінәсін мойындағасын, іс материалдары қысқа мерзім ішінде сотқа жіберілді деп түсіндірді. Сонымен қатар, (иттің иесі) азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылып, сот оның пайдасына 900 мың теңге көлеміндегі келтірілген материалдық залалды өндіруді үкім етті.

Айнұр САПАРОВА

10 қазан 2020, 19:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.