Атырау, 5 желтоқсан 10:23
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қарасора өсірген тұрғын ұсталды

4 041 рет қаралды

«Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау полицейлері үйінің ауласында қарасораны заңсыз өсірген 47 жастағы Химпоселке тұрғынын ұстады.

ҚР Қылмыстық кодекстің 300-бабы (Құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

1 маусымнан бастап “Қарасора-2020” барысында есірткілік заттардың заңсыз айналымына байланысты 10-нан астам қылмыс анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау облысының Полиция департаментінің басшысы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ атап өткендей, “Қарасора-2020” іс-шарасының негізгі мақсаты – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге, есірткі транзитіне тосқауыл қою, оларды таратуды кәсіп қылған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою.

Айнұр САПАРОВА

9 шілде 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.