Атырау, 19 сәуір 15:50
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сиыр немесе жылқы ұрласа - иесімен татуласа алмайды

4 249 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Атырауда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығын кәсіп қылған екі ер адам ұсталды.

Олардың биыл ақпан, қазан, желтоқсан айларында Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың сиыр мен түйе, жылқы ұрлағандары анықталды. Олар 9 эпизод бойынша айыпталып отыр.

- Қазір Махамбет және Құрманғазы аудандарының 38 және 52 жастағы екі тұрғыны уақытша ұстау  изоляторына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Өңірде Атырау полициясы департаментінің бастығы полковник Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТІЫҢ нұсқауымен өңірде мал ұрлықтарының алдын алу, ашу бағытындағы шаралар күшейтілді.

Еске салсақ, биыл қаңтарда ҚР Қылмыстық кодексіне түзетулер енгізіліп, оған сәйкес мал ұрлығы - тараптардың татуласу мүмкіндігінен айырып, ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды. 

Айнұр САПАРОВА

12 желтоқсан 2020, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.