Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Пара берсе, бәрі шешілетініне сенімді адам алданып қалды

4 679 рет қаралды

Атырауда полицейлер 29 жастағы азаматтың 2 миллион теңгесін жымқырды деген күдікпен әйелді ұстады.

- 22 желтоқсанда Нұрсая ықшамауданының тұрғынынан өтініш түсті. Бұған дейін 38 жастағы әйел өзіне сенім артып, мемлекеттік бағдарлама бойынша 3 бөлмелі пәтер алуға көмектесуге уәде беріп, сол «қызметі» үшін одан 2 миллион теңге алған. Нәтижесінде, ақшасыз және уәде етілген пәтерсіз қалған қала тұрғыны алаяқтың қолына түскенін түсінді, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған фактіге қатысты  ҚР ҚК 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

30 желтоқсан 2020, 01:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.