16 шілдеде №2 қалалық сот Атырау облысының көліктік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысына үкім шығарды. Естеріңізге салсақ, маусымның басында ол қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын.
Айыптау қорытындысына сәйкес, инспекция басшысы ЖШС бірінің мүддесіне айтарлықтай зиян келтіріп, сонымен қатар өзінің ұлына тіркелген жеке кәсіпкерлікті басқаруға заңсыз қатысып, осы шаруашылық субъектісіне артықшылықтар берген.
Сот оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырып, 1,2 миллион теңге айыппұл салды.
Айнұр САПАРОВА